ДИАСПОРА

әлеуметтік ғылымдарда – ұлттың ата жұрты болып табылатын елден тысқары өмір сүретін бір бөлігі. Д. күштеп көшірудің, геноцид қатерінің, экон. және геогр. факторлардың әсері салдарынан пайда болады. «Д.» термині алғаш рет еврейлердің Палестинадан тысқары жерлерде тұруына қатысты, әсіресе, оларды б.з.б. VI ғ–дың басында Вавилон патшасы Навиходоносор ІІ–нің, одан соң б.з. І–ІІ ғ–ларында римдіктердің қудалауына байланысты қоныс аударуынан кейін қолданыла бастаған. Кейінірек «Д.» термині басқа этн. қауымдастықтар мен діни қауымдастықтарға да қатысты қолданылатын болды. Д. өзі тұрып жатқан елде аз этн. топ болып табылады да, әрдайым өзінің тегі шыққан елмен рухани және шаруашылық байланыста болуға тырысады. Бүгінгі таңда 40 мемлекетте 5 млн.–ға жуық қазақ Д–сы тұрып жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *