ДЕРБЕСТІК

жеке тұлғаның, халықтың, ұлттың, т.б. әлеуметтік ортаның ешкімге тәуелсіз болмысы, бітімі, ұстанымы. Д. ғылымы жеке тұлғаға қатысты оның субъектілігін, кісілік қасиетін көрсетеді, кемелділік деңгейіне көтерілгенін байқатады.

Қазақ халқында «көппен көрген  ұлы той» деген нақыл сөз бар. Дүрмекке еріп, көптің бірі ретінде өмір сүру, әрине жеңіл, жеке жауапкершілігі аз болады. Кеңес дәуірінде де адамның көпшілдігі, ұжымшылдық жоғары бағаланды. Көптің пікірі қашан да дұрыс деп есептелді. Жеке адамның уәжі қаперге алынбады. Ал шындығында, көпшілік – Абай айтқандай – «топ, тобыр дүрмек». Көп ойланбайды, қайда айдасаң, сонда ығады. Көптің сүйенері – қоғамда үстемдік құратын идеология мен психология, көп жағдайда нақты мәселенің мәнісін байыптап жатпайды. Д. ұғымы халыққа, ұлтқа, мемлекетке және т.б. әлеум. Ортаға қатысты сол әлеум. Қауымдастықтың ешкімге тәуелсіздігін, өзгелермен қарым–қатынаста, өз мүддесінен туындайтын немесе жалпыадамзаттық құндылықтарды сақтау принципіне негізделген саясат ұстанатынын білдіреді. Д – салыстырмалы түрде алынған ұғым. Дүниеде өзгелермен байланыссыз, өзімен–өзі оқшаулана өмір сүретін ештеңе жоқ. Бәрі бір–бірімен байланысты. «Адамның күні адаммен» дейді халық даналығы. Бірақ айналаңмен тең дәрежеде қарым–қатынас жасап, «өзгелерді өзің сыйлап, өзіңді өзгелерге сыйлату» (М.Шоқай) үшін адамға да, қоғамға да қажетД. Д–ке ұмтылу  өмір сүрудің мәні, тіршілік заңы.

Таным процесінде құбылыстардың өзара байланысын, бір–біріне ықпалын көрсету және олардың өзіндік сипатын, Д.–гін ашу негізгі міндеттердің бірі болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *