қоғамдық өмірдегі рухани,адамгершілік және гумандық құндылықтарды жоғалту немесе мойындамау, қабылдамау, адамдарды сыйламау, оның адамгершілік қасиетіне менмендік таныту. Өнердегі Д. ұғымын ғылыми айналымға енгізген — Ортега–и–Гассет. Өнер шығармаларынан бейгумандық әсер қалдырар деген жерлерін алып тастау керек деген ой Ницшенің “тіпті қарабайыр, адам өмірін бейнелеуде сол өмірдің өзін сүреңсіз қалпында бере салған” деген тұжырымымен түйінделеді. Д. өнерде ХХ ғ–да пайда болған авангардтық–модернистік ағымға социологиялық және эстетикалық талдау жасау барысында кеңінен қолданады.