адамның мақсатты әрекетті атқарудақайталап, жаттығу нәтижесінде, машықты түрде орындауы атайды. Қозғалыстың автоматталуының өрістеуі іс–қимылды саналы реттеудің ұлғаюымен қатар жүреді. Іс–қимылдың автоматтануының нәтижесінде оның құрылымдары өзгеріске ұшырайды. Іс–қимылды игеру нәтижесінде қажет емес қозғалыстар жоғалады. Яғни, қозғалысты орындау ырғағы жеделдетіледі. Сонымен, іс–қимылды атқаруда дәйектілік, үйлесімділік және қозғалыс жылдамдығы артады. Іс–қимылды сенсорлы бақылау әдістері өзгереді. Іс–қимыл нәтижелерін бақылау үшін маңызды бағдарларды жылдам ажырату мен айқындау қабілеті дамиды. Іс–қимылды орталық реттеу әдістері өзгереді. Д. – бұл саналы машықтандырылған іс–қимыл. Д–ны қалыптастыруда басты құрал адамның бақылайтын және орындайтын іс–қимылын сөзбен жеткізу болып табылады. Сонымен қатар, идеалды іс–әрекет – жүзеге асырылу тиіс іс–қимыл бейнесін «ақыл–ойында» бейнелеу. Адам дағдысы саналы автоматтандырылған іс–қимыл ретінде пайда болады. Д. іс–қимылды орындаудың машықты тәсілі ретінде қызмет атқарады. Адам дағдысының қалыптасуына адамның бұрынғы тәжірбиелері де ықпал етеді. Әрбір Д. адамдағы Д–лар жүйесіне өзара әрекеттестік негізінде қосылады. Д. іс–әрекеттің қай түрінде де маңызды орын алады. Д–ланған іс–қимыл шапшаң және жылдам атқарылады. Д–ның нәтижесінде атқарылатын іс–қимыл нәтижелі болады. Д–ның нәтижесінде адам санасы іс–әрекеттің маңызды, шешуші сәттеріне жұмылдырылады. Д–ны бірнеше түрге бөліп қарастыруға болады. Мысалы, жазу, оқу, есептеу, спорт түрлеріне байланысты дағдылар, еңбек, мамандық машықтары және т.б.