халықтың музыка саласындағы әуесқойлар шығармашылығы. Ол муз. шығармалар тудыру, жеке не бірлесіп өнер көрсететін әуесқойлардың вокалдык–хор, аспаптық муз. шығармалар орындауын қамтиды. XX ғ–дың бас кезіне дейінгі Қазақстанда Ә. м. ө., негізінен, бір дауысты ән айту, халық орындаушыларының аспаптық музыкасы түрінде болды. Әншілер мен күйшілер муз. сауаттары болмаса да халык шығарм–ғының алтын қорына енген бай муз. мәдени мұра қалдырды. Қазақстанда ХХ ғ–дың 20–жылдарының басында алғашқы көркемөнерпаздардың үйірмелері пайда болды. Солардың бірі Торғай обл–ның комиссары Ә. Жангелдиннің «Қызыл керуені» құрамында кұрылды. Оның көптеген мүшелері кейіннен қазақ өнерінің белгілі артистеріне айналды. Республиканың барлық жерінде клубтар, мәдениет үйлері ашылып, оларда ішекті аспаптар оркестрлері, әр түрлі ансамбльдер, хор ұжымдары ұйымдастырылды. 1924 ж. Петропавл қ–ндағы пед. техникумда хормейстер И.В. Коцык төрт дауысты қазақ хорын ұйымдастырып, оның репертуарына қазақтың халық әндерін өңдеп лайықтады. 30–жылдардың ортасында Қазақстанның Ә. м. ө. жоғары идеялық–көркемдік деңгейге жетті. 1934 ж. халық өнері қайраткерлерінің Бүкілқазақстандық 1–слеті болды. Оған 88 халық ақыны, домбырашылар, қобызшылар, әншілер, А.Жұбанов жетекшілік еткен әуесқой домбыра ансамблі (қазіргі Қазақ халық аспаптар оркестрі) қатысты. 30–жылдардың аяғында әуесқой өнерге жалпы және бір орталықтан басшылық ету үшін Респ. халық шығарм–ғы үйі құрылды. 40–жылдары Халық шығарм–ғы үйлері республиканың барлық облыстарында ұйымдастырыла бастады. 1980 ж. Респ. халық шығарм–ғы мен мәдени–ағарту жұмысының респ. ғыл.–әдістемелік орталығы болып қайта құрылды. Республика көлемінде көптеген әуесқой хор, ән–би ансамбльдері бар. Мыс, Мақат ауд–ның (Атырау обл.), Арал ауд–ның (Қызылорда обл.), Орда ауд–ның (Бат. Қазақстан обл.), Байғанин ауд–ның (Ақтөбе обл.) халық аспаптар оркестрлері; Ақжар, Таврия, Шемонаиха (Шығ. Қазақстан обл.) аудандарының хор ұжымдары; Теректі хоры (Бат. Қазақстан обл.)және Талдықорғандағы соғыс және еңбек ардагерлерінің хоры; «Ұлытау», «Салтанат» (Қарағанды обл.), «Сыр сұлуы» (Қызылорда обл.), «Мерке әуендері» (Жамбыл обл.), «Қаламқас» (Семей обл.), «Ғасырлар пернесі» (Қостанай обл.), «Ақжайық» (Бат. Қазақстан обл.), «Достық» (Оңт. Қазақстан обл.), т.б. ән–би ансамбльдері республикада лайықты орынға ие болып, шет елдерде де таныла бастады. Республикада өзге ұлттардың да Ә. м. ө. ойдағыдай дамып келеді.