музыкалык және хореографиялық өнердің бірнеше түрінен құралған ұжым. Ол, негізінен, вокалдық–орындаушылық (хор, ансамбль, соло), аспаптык музыка (оркестр немесе халық аспап–тар ансамблі, фортепьяно, т.б.), жеке және көпшілік билері, көркем сөз оқу (тақпақ пен диалогтар) сияқты орындаушылар тобын қамтиды. Ансамбль бағдарламасы ән–би, муз.сурет аспаптық шығармасы мен әдеби жанрдан құралады. Ә.–б. а–нің өз алдына жеке көркем ұжым түрінде туып қалыптасуы мен өсіп дамуына 1928 ж. ұйымдастырылған Қызыл Тулы Кеңес Армиясы Ә.–б. а. тікелей әсер етті. Осы ұжымның ізімен соғыс–теңіз флоты, әскери округтер, т.б. және су көлігі, кәсіподақ, мектеп, сондай–ақ, одақтас, автоном. республикаларда КСРО халықтарының ән–би шығарм–ғын насихаттайтын көптеген ансамбльдер (мыс, КСРО халықтарының Ә.– б. а., Грузия халықтарының Ә.–б. а., «Гүлдер» ан–самблі, Қазақ Ә. 6. а., Өзбекстанның «Бахор», Ә.– б. а., Татарстанның Ә,–б. а. және т.б.) құрылды. Көпшілік әні, осы заман композиторларының хор композициялары, халықтың ән–билері мен өлең–тақпақтары Ә.– б. а–нің негізгі қоры болды. Осындай түрлі жанрлық туындыларының өзара тоғысуы арқылы Ә.–б. а–нің жүйелі композициясы құралады. Кезінде Қазақстанда жоғары пед. оқу орындары жанынан (Алматы, Атырау, Семей, т.б.) және көркем–өнерпаздар үйірмелері негізінде қүрылған «Сыр сұлуы» (Қызылор–да), «Айгөлек» (Шығ. Қазакстан обл.), т.б. ансамбльдер жұмыс іс–теді.