вокалдық өнер – музыканы әншінің дауыспен орындауы, музыкалық шығарманың образды идеялық мазмұнын әнші дауысының мәнер–күшімен жеткізу, ашу өнері. Ә. өнерінің жеке ансамбльдік және хор түрлері бар. Ә. өнерінің ансамбльдік түріне екі дауысты – дуэт, үш дауысты – трио, төрт дауысты – квартет, т.б. жатады. Ал көп дауысты хор – аспаптык сүйемелмен немесе сүйемелсіз – а’ капелламен орындалады. Ә. өнері жанр, стиль жөнінен де дараланады. Ә. негізінен – опералық жәнекамералықжанрларғабөлінеді. Опералык Ә. – вокалдық өнердің барлық түрін қамти отырып, театр ойын–сауық өнерімен, драм. әрекетпен тығыз астасып жатса, камералық әншілік – лирик. әндер мен романстарды орындайтын жеке әншілерді, шағын вокалдык ансамбльдерді қамтиды. Ә. өнері орындаушылық тәсілі (вокалдық стиль) тұрғысынан – әуенділік, декламациялық, колоратуралық стильдерге бөлінеді. Әуенділік стилінде кең тыныстылық, созымдылық, сазды, әуезді кантилена басым болса, декламациялық стиль муз. тақпақ, речитатив іспеттес сөйлеу тілімізге жақын келеді. Ал Ә. стилінің колоратуралық түрінде ән мелодиясы мәтінмен тікелей байланысын жоғалтып, өзінің сипаты жағынан муз. аспапта ойнау техникасына жақындайды.