құқықтық мәдениетте адам аралық қатынастың белгілі бір моральдіктәртібін анықтайтын принцип, адамның қоғам алдында ғана емес, сонымен бірге қоғамның тұлға үшін де жауаптылығын көрсететін, адамдар өмірініңзаңдылығы мен санасын білдіретін әлеум.–этикалық категория. Ә. – ізгіліктің ірге тасы. Ә. уақыт ағынында өзгеріп отырады. Оның алғашқы түріне көне қоғамдағы “жазалаушы әділеттілік” деген жатады. “Қанға қан, жанға жан”, талион, кек алу принциптері ілкі санада Ә. саналды. Қылмыс пен жаза, әрекет пен айыптау мәселелері Ә.–тің осы түсінігімен түбірлес. Қоғамдағы меншіктік қатынастардың қалыптасуына байланысты жазаланушы Ә.–тің орнына оны тепе–теңдік тұрғыдан түсіну алдыңғы қатарға шықты. Қоғамдық байлықты барлығына бірдей үлестіру идеясы Ә. талабына айналды. Бұл ұран желеуімен талай қантөгістер, төңкерістер, бүліктер жүріп жатты. Әлеум. әділеттілікті орнатамыз деген желеумен бір ғасырға жуық коммунистік идеология өз халықтарын тоқырауға әкелді. Соц. қоғам “байлық–бұл әділетсіздік, ол кісіні аздырады, адам неғұрылым кедей болса, оның руханилығы жоғарылай түседі” деген жаңсақ пікірді негіздеді. Шын мәнісінде, қабілеті мен білігі тең емес адамдарға мүлікті бірдей үлестіріп беру әділетсіздіктің айқын көрінісіне жатады. Мұндай түсінік әлеум. енжарлыққа әкеп соғады. Алайда әлеум. теңдік – өркениетті қоғам құрудың басты шарты. Адамдар құдай алдында, әдеп, құқық, заң алдында тең және бірдей мүмкіндікке ие.Нарықтық қоғамда “мүмкіндіктер теңдігі мен әділеттілігі” деген өмірлік принципі кең етек жайған. Қоғамдық қатынастар әрбір адамның өзіндік мақсатына жету мүмкіндіктерін шектемеуі керек. Ә.–тің басты өлшемі – адам құқықтары теңдігінің жүзеге асуы, нәтижелер теңдігінің жүзеге асуы.”Нәтижелер теңдігі” қоғамдық байлықты өмірде табысқа жете алмаған адамдардың пайдасына қайта бөлуге әкеледі. Бұл экономикалық даму ынталылығын азайтады. Мыс., дәрігер мен санитардың, профессор мен ассистенттің еңбегін тең бағалау әділетсіздікке жатады. Алайда қоғам мүліктік теңсіздікті тым тереңдетіп жібермеуге тырысуы қажет. Қоғам үшін пауперлер мен люмпендердің, кедей адамдардың қатары көбейуі қымбатқа түседі. Ол қоғамдық ынтамақтастық пен тұрақтылыққа кері әсерін тигізеді.