ӘДЕТ

адамның күнбе–күнгі тіршілік қажетіне байланысты қалыптасқан тұрақты мінез, іс–қимыл ерекшеліктерін білдіреді. Қазақта “Ауру қалса да, әдет қалмайды” деген қанатты сөз бар. Оң мағынасында Ә. күнделікті өмірде қолданылатын ой тізбектері мен іс–қимыл реттілігін ұтымды, дайындықсыз, қалыптасқан түрде жүзеге асыруға себебін тигізеді. Бұл сипатта Ә. саналы пайымнан гөрі адамның бейсаналық, тылсымдық қатпарларынан бастау алып отырады. Жағымды Ә. қоғамдағы тұлғааралық және топаралық үйлесімдік пен ынтымақтастықты арттырудың құралы іспеттес және тұлғаны қайталанылатын шешімдерден босатып, оның әрекетін күрделі мәселелерді шешуге бағыттайды. Қылық пен мінез–құлықтағы теріс Ә. адамдық қауымдастық мәдениетіне кері әсерін тигізіп, тұлғалардың берекесін кетіріп және оғаш   қылықтарымен өзінің де абыройы мен қадір–қасиетін төмендетеді. Жүріс–тұрыс мәдениеттілігін күнделікті өмірде дәйекті қолдану қазіргі өркениеттіліктің маңызды талабына айналып отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *