Құрмалас сөйлем

Құрмалас сөйлем

Сөйлемдер құрылысына қарай жай сөйлем, құрмалас сөйлем болып екіге бөлінеді.
Жай сөйлем бастауыш пен баяндауыштың қатынасынан (кейде тек баяндауыштың өзінен) құралып, бір ғана ойды білдірсе, құрмалас сөйлем кемінде екі жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіреді. Мысалы: Қоңырау соғылды. Шу лезде сиреп, залда тыныштық орнады. Сыныпқа мұғалім мен директор кірді.(М.И.)
Бірінші сөйлемде қоңыраудың соғылуы туралы бір ғана ой айтылған (қоңырау – бастауыш, соғылды — баяндауыш); үшінші сөйлемде де мұғалім мен директордың сыныпқа кіргендігі жайында бір ғана ой айтылып тұр (мұғалім мен директор – біріңғай бастауыштар да, кірді-баяндауыш); демек, бұл екі сөйлем – құрылысына қарай жай сөйлемдер. Екінші сөйлемде шудың сиреуі және залда тыныштықтың орнағандығы жөнінде екі ой айтылған (бірінші сөйлемнің бастауышы – шу, баяндауышы сиреп, екінші жай сөйлемнің бастауышы – тыныштық, баяндауышы- орнады.) Олай болса, бұл сөйлем – құрылысына қарай құрмалас сөйлем, оның құрамында екі жай сөйлем бар.
Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің құрылысы жағынан айырмашылығын сызбамен былай көрсетуге болады.
Сөйлем түрлері
Құрылысына қарай Тұрлаулы мүшелердің қатысына қарай Мағынасына қарай
Жай Бастауыш-баяндауыш Бір ғана ой беріледі
Құрмалас Бастауыш-баяндауыш, бастауыш-баяндауыш Күрделі ой беріледі
Екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлемді құрмалас сөйлем дейміз.
Құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер өзара мынадай жолдармен байланысады:
1. Ұласпалы (тиянақсыз) интонация арқылы байланысады.
Мысалы: Машина жүргізуші жігіт ұйым басшысының тапсыруымен бес бума кітап алып шыққан екен, қойшылар оларды қуана-қуана алып алды. (Б. Тоғыс-баев). Мұнда бірінші жай сөйлемнен кейін дауыс ырғағы бәсеңдемей, көтеріңкі айтылады да, соңынан басқа бір сөйлемнің келуін тілейді. Дауыс ырғағының бәсеңдемей, көтеріңкі айтылуы интонацияның тиянақсызды-ғын көрсетсе, бірінші жай сөйлемнің соңынан кідіріс (пауза) уақытының онша ұзаққа созылмауы интонацияның ұласпалылығын, екі жай сөйлемнің арасын байланыстырушы, біріктіруші қызмет атқарып тұрғандығын көрсетеді.
2. Жалғаулық шылаулар арқылы байланысады.
Мысалы:Дәметкеннің жүрегі бұл кезде ерекше тулап кетті, өйткені оның ойынша, осы тоқтаған тракторда немересі Құтжан болуға тиісті. (С. М.) Бұл құрмаласта екі жай сөйлемнің арасын интонациямен қатар өйткені деген жалғаулық шылау байланыстырып тұр.
З. Құрмаластың құрамындағы алғашқы жай сөйлемнің баяндауышы тұлға жағынан тиянақсыз болғандықтан, соңындағы сөйлеммен құрмаласа байланысады.
Мысалы: Тыңдаушы ықыласты болса, сөйлеуші шешен болады. (С. Бакб.) Мұнда бірінші жай сөйлемнің баяндауышы болса деген шартты рай формасында келіп, екінші жай сөйлеммен байланыстырып тұр.
Құрмалас сөйлемдер байланысу тәсілдері мен құрамына қарай салалас құрмалас, сабақтас құрмалас және аралас кұрмалас болып үш түрге бөлінеді.
Салалас құрмаластағы жай сөйлемдер өзара тең дәрежеде (бір-біріне бағынбай) байланысады, әрқайсысының баяндауыштары тиянақты болады. Мысалы: Шешесі қызын күні-түні күзетумен болды. Дина қатты ауырды. (С. Бакб.) Кештете барып едік, сонда да үй іші жатпаған екен. (Ғ. С.) Бұл мысалдарға қарағанда, салалас құрмаластағы жай сөйлемдердің құрылымы дербес айтылатын жай сөйлемдермен өте ұқсас келеді.
Сабақтас құрмаластағы бірінші жай сөйлем екіншісіне бағына байла-нысады, яғни алғашқы жай сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз болады.
Мысалы: Шәрбала далаға шықса, аула толы балалар оқуға жиналып қалыпты. (Ш. Өтепов.) Фермада ертеңгі сауым аяқталып, бақташылар сиырларды өргізіп жатыр екен. (С. Сарғасқаев.) Сырбай қанша бастырма-латқанмен, Дәулет өз сөзінен танбайды. (С.М.) Бұл сабақтас құрмалас-тардың бірін-ші жай сөйлемдерін екіншілерінен бөліп, өз алдына дербес айтуға келмейді, өйткені шықса (шартты рай), ақталып (көсемше), бастыр-малатқанмен (көмектес септік тұлғасындағы есімше) деген баяндауыш-тары тиянақсыз.
Аралас құрмалас сөйлемнің құрамында кемінде үш жай сөйлем бола-ды, олар бір-бірімен сабақтасып та, салаласып та байланысады.
Мысалы: Біз оларға таяна бергенде, әскери әдетпен Миша орнынан тұрып еді, басқалары да көтерілді. (А. Лек.) Мұнда бірінші жай сөйлем екіншімен сабақтаса байланысып, екіншісі соңғы жай сөйлеммен салаласа байланысқан. Сондықтан бұл аралас қүрмалас сөйлем. Сағит базарды ара-лап жүр еді, алдынан Қашқырбай кездескен соң, екеуі дереу пәтер үйіне қайтты. (С. М.) Мұндағы бірінші жай сөйлем соңында тұрған сөйлемдерге бағынбай,салаластағы сияқты, тиянақты айтылған; ал екінші сөйлем өзінен кейінгі сөйлемге бағына байланысып тұр. Демек, бұл мысал да аралас құрмаласқа жатады.
Жаттығулар жинағы.
1-жаттығу. Берілген сөйлемдерді құрылысына қарай талдап, қайсысы жай сөйлем, қайсысы құрмалас сөйлем екенін анықтаңдар. Әр сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің астын тиісті шартты белгілермен сызып отырыңдар.
Үлгі: Абай ұзақ тыңдады. Әйгерім әнін үзгенше, Абай қыбыр етпестен мүлгіп тыңдады. (М. Ә.)
Жай сөйлем: Абай ұзақ тыңдады.
Құрмалас сөйлем: Әйгерім әнін үзгенше, Абай қыбыр етпестен мүлгіп тыңдады.
1. Жакыпбек бастықтың кабинетінен көңілді шықты. 2. Қарт мұғали-маны ол клубта бір топ еңбеккерлердің ортасында кездестірді. 3. Есік тарс ашылды да, отырғандар түгел жалт қарасты. 4. Қарт сөзіне біраз күлісіп алғаннан кейін, Керей жұмыс жайлы әңгімеге көшті. 5. Әңгіме өткізуді, ал-дымен, әдейі сізден бастағымыз келіп отыр. Ұжым шаруашылығын оқушы-ларға кең көлемде таныстыруға ауылдың барлық зиялылары қатыстырыла-ды. 6. Таңертеңнен бері қабағын түйіп тұрған аспан әлемі бұрынғысынан да тұнжырап, шығыстан соққан жел күшейіп алыпты. (М. И.).
Құрмалас сөйлем
Түрлері Құрамына карай Белгісі Мысалы
I. Салалас құрмалас кемінде екі жай сөйлем-нен болады өзара тең дәрежеде байла нысады, баяндауыштары тиянақты болады. Өз жігіттеріме көзім түсіп еді, барлығының жүзінен де әзірлік-терін сездім (А. Лек.)
П. Сабақтас құрмалас кемінде екі жай сөйлем-нен болады бірі екіншісіне бағына ды; бірінші сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз болады Олар үйге жеткен соң әңгіме де үзілді. (М.Ә.)
III. Аралас құрмалас кемінде үш жай
сөйлемнен болады өзара салаласып та,
сабақтасып та байланысады Биік жонның жотасы көте- рілгенде, төмен отырған қалың елге қайырыла бір қарап орданың сыртында қарап тұр екен(Ғ.М.)
2-жаттығу. Құрмалас сөйлемдерді түр-түріне ажыратып, топтап жазыңдар да бөліну себептерін түсіндіріңдер.
Үлгі:
І. Салалас құрмалас сөйлемдер
1. Теректер мен қайыңдардың шық басқан су жапырақтары табан астында былпылдап жатыр, басқан аяқтың тьқыры сезілмейді. (Ә. Көшімов.)
II. Сабақтас құрмалас сөйлемдер.
1. Жел үрлеген сайын, сапырылысып түскен сары жапырақ, жер бетін жасырып жатыр. (А. Лек.)
III. Аралас құрмалас сөйлемдер
1. Үсен манағы пышақтың сыртымен тасқа қатты ұрып еді, от шығып, мақта тұтанды. (Ы. А.)
1. Ал енді қонақ та тынықсың, біз де тынығайық. 2. Алуаны жайлаған елдің жігіттеріне еліктеп көкпаршы болғым келгенмен, ебім жетпейді, сон-дықтан ойын-тойда менің араласатыным – жігіттердің күресуі, үйде болатын сауықта өлең айту. (С. М.) 3. Оңтүстіктен акырын ғана майда жел білініп, еңкейген алтын күннің лебі денеге жібек торғындай жұмсақ тиеді. (С. С.) 4. Тұманның қалыңдығы сонша – түк те көрінбейді. (X. Доспанова.) 5. Бұлар танысып болғанша, алақандай Қарағанды хабарланып та болды. (Ғ. Мұст.) 6. Ереннен іле жауап бола қоймаған соң, ол тоқталған жоқ. (С. Шайм.) 7. Бұл кезде Базаралының үйіне жаңағы орыстар ғана емес, ауылдың еркектері де жиналған: Дәркембай, Абылғазы, Каңбақ, Тоқсан, Жұмыр да осында. (М. Ә.) 8. Кешке таман аудиториялар босасымен, түрліше үйірмелер іске кіріседі; бір жерде хор, енді бір жерде би, домбыра үйірмелерінің жұмыстары жүргізіледі. (3. Қабд.) 9. Күндіз ылғи ұзақ жырлар жырланады немесе әредікте шешендер, ділмарлар айтқан тақпақ, тартыс, билік, даулар айтылады. (М. Ә.)
3-жаттығу. Берілген жай сөйлемдерді мағыналарының жақындығына қарай өзара байланыстырып, құрмалас сөйлемге айналдырыңдар, тұрлаулы мүшелердің астын сызып отырыңдар.
1. Пойыз ырғалып келіп вокзалға тоқтады. 2. Тыстан Лида кіріп, Дәмештің құлағына бірдеме деп сыбырлап еді. 3. Вагон ішіндегі жұрт бірін-бірі итермелеп, жөңкіле сыртқа ұмтылды. 4. Ол қуана секіріп, тысқа атылды. 5. Қайыр үйде болмады. 6. Өткінші жауын шелектеп құя сапты. 7. Ол Қарағандыға кеткен-ді. 8. Музыканы мен жасымнан жақсы көрдім. 9. Көше сел. 10. Майданның шекарасына жақындап келеміз. 11. Жақсы күй, ән әрдайым көз алдыма жастығымды елестетеді. 12. Жазық далада орнап жаткан жас қаланың о шеті мен бұ шетіне көз жетпейді. 13. Сөз жалғанбай үзіліп қалды. 14. Жер де, аспан да көкпеңбек түтін, қардай жауған оқ. 15. Машина кеңсенің алдына кеп тұра қалды. 16. Терезелерінен от жылтыраған төрт-бес қабат үйлер ұшы-қиыры жоқ, қаз-қатар тізіліп кете береді. (3. Шашкиннен.)
4-жаттығу. Тексті оқып шығып, олардың жай я құрмалас сөйлем екендігін ажыратыңыздар: жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің арасындағы негізгі ерекшелікке көңіл аударыңыздар
1. Совхоздың асханасын аяқтау керек болды да, күні-түні құрылыс ба-сынан аттап шықпадық. Әр жұмыстың өзіндік қызығы болатынын білесіз. Үй салудың да сондай қызықтары болады, әсіресе іргесі көтеріліп, бөлме-бөлмеге бөлініп, күннен-күнге биіктеп келе жатқанын көргенде, кұрылыс-шы қуан-бай тұра алмайды. Оның жауапкершілігі де, өз жұмысына деген ықыласы да арта түседі, өз өнеріне деген сыны да, тағылар міні де күшейе бастайды. Кей-де мен өз өнерімді суретшілікке ұқсатамын. Суретші бір нәрсені көркемдеп шығару үшін суреттің барлық көрінісімен қатар көлемін де, бояуын да – бәрін де ойлап есепке алады. Бұл үшін бойда бар барлық өнерін жұмсайды. Үй іші де сол сияқты. Егер бір кірпіш орнын таппаса, яки сәл қисықтау қойылып кетсе, бүкіл үйдің сәнін бұзады. Ең аяғы дұрыстап сырланбаса да, сыланбаса да әдемілік қашады. Сондықтан да құрылысшы келешек үйдің көрінісін бірінші кірпішті қолына алмай тұрып ойлайды. (М. И.).
5-жаттығу. Қүрмалас сөйлемдерді түр-түріне царай (салалас, сабацтас я аралас) ажыратыңыздар
Аты шулы Жоңғар кақпасының ең тар, қысылшаң жері де – осы Жала-қашкөлдің тұсы. Көлдің ені төрт километр болса, тауға дейін төрт километр-дей ашық жер. Осы арамен жол өтеді. Қақпаның ең қысылшаң жері осы болғандықтан да, Ебінұр мен Сайқын желдерінің ең күшті ойнағы осы арадан өтеді (С. Бақб.). 2. Таудағы шөп шабыс науқанының аяғы қусырылды, шөп машинадан түгелдей жығылды. Осынау асқар таудың бір қойнауы бұрын шалғы тиіп көрмеген түкпір-түкпірі түгел шабылып, ұшан-теңіз мал азығы дайындалды. (Б. Соқп.). 3. Шаршаған Инеш өзі қазған жердің аласа жарына отырып Мәулен жүрген жаққа қарап еді, екі арада үйілген үлкен кесек бал-шық оларды асырып тасалай берді (С. Шайм.). 4. Манадан бері тыныш тұр-ған мектеп дуылдап ала жөнелді де, әрқашан да жалықтырмайтын ерекше үні, өзіндік тәтті қасиеті бар бала шуы, әңгімені ұмыттырып жіберді. (М. И.).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *