Ыңғайлас салалас
Салаластың құрамындағы бөліктер бір-бірімен жалғаулықтар арқылы да, жалғаулықсыз да байланыса береді. Құрамындағы сыңарларының бір-бірімен мағыналық қатынастарына қарай салалас құрмалас сөйлем мынадай алты түрге бөлінеді:
1. Ыңғайлас салалас.
2. Түсіндірмелі (іліктес) салалас.
3. Қарсылықты салалас.
4. Себеп-салдар салалас.
5. Талғаулы салалас.
6. Кезектес салалас.
Ыңғайлас салалас
Құрамындағы бөліктерінің баяндауыштары тұлғалас келіп, мағыналық жағынан бір сарындас (мезгілдес, бағыттас) болатын салаластардың, түрін ыңғайлас салалас деп атайды.
Мысалы: Қайсыбірі бұралаңдап жүріп атқы-лайды, екіншісі танктің артын тасаланады (Т. Ахт.). Оның ұсынған қолын Тайман қысты да, Саша-ның сәлемін алмастан теріс айналып кетті (3. Қабд.). Бірінші мысалдың көрсетіп тұрғанындай, салалас көбінесе жалғаулықсыз колданыла береді. Енді бір реттерде ыңғайлас салаластың құрамындағы бөліктер жалғаулық-тар арқылы байланысады. Ол жалғаулықтар: -да, -де, -та, -те, және, әрі. Мұны екінші мысалдан байқауға болады.
Ыңғайлас салалас іргелес тұрып та, және, да, де, әрі деген жалғаулық шылаулары арқылы да байланысады. Бес минут өткен жоқ, әскери адам енді. Денесі тіп-тік, өңі сұп-сұр (Ғ. Мұст.). Менің әкем де агроном еді, мен де агрономмын (С. М.). Ыңғайлас салаластың ара жігіне көбінесе үтір қойылып, тек және шылауымен байланысқанының арасына ешбір тыныс белгісі қойыл-майды. Мысалы: Кузнецовтың бригадасы тек кірпіш құйып қана қоймай, ол үй де салады (С. М.). Сыздық – етікші жігіт және жұрттың көзінде ең шебер етікші сол (С. М.). Ыңғайлас салаластың ішінде оқиғаның тездігі-нен, жедел қабыл болғандығын көрсететін түрінің ара жігіне сызықша қойылады: Шытырлап тұрған қурай лап етті – тез ара түтін бұрқ етті (F. Мұст.).
Жаттығулар жинағы
1-жаттығу. Мәтінді көшіріп жазып, жалғаулықтары түсіп қалған сөйлемдерге қандай жалғаулықтардың керек екенін ойластырыңыздар.
1 .Түлей боран бұрқырады, аппақ қар екпіндеп, ұйтқи соқты (С. С-). 2. Көйлегі көлеңдеп, аяқ сыбдырын білдірмей басып біреу келді… Асылбекке төне түсті (Б. М-). 3. Осыны сіздер ойлар деп сенемін… өзіме де соны арқау етемін (М. Ә.). 4. Осы соңғың көп емес… хабары да анық, толық дәлелді емес. (М. Ә.). 5. Төлеутай әскерге кетті… содан қайтып оралмады (Қ. Ж.). 6. Отырықшы елдердің көбінде революциядан бұрын жұмысшы табы болды… олардың алдыңғы қатардағы отряды сол тапты және еңбекші шаруаларды революциялық істерге көтерді (С. М.).
2-жаттығу. Текстен жалғаулық шылаулардың қайсысы ыңғайлас салаласта, қайсысы бірыңғай мүшелі жай сөйлемдерде жұмсалғанын ажыратып, себебін түсіндіріңіздер.
I. Тың көтеруде де, егін жннауда да олар совхоз бойынша алда болды. 2. Кабинетке Нұржамал мен Баймұрат кірді де, ендігі назар соларға ауды (М. И.). 3. Жазғы таң ұйқыдан әрі тез, әрі сергек оянды. 4. Молынан алуға елдің бұрын күші де жетпеген, мүмкіндігі де болмаған (Ғ.С.). 5. Жердің ойлы-қырлы бедеріне қарай және кеннің жатыс ыңғайына, формасына қарай тау қазбаларының түрі де әр түрлі келеді. 6. Кей металдар табиғатта өте аз және таза түрінде кездесуі сирек. (А.Маш.).
3-жаттығу. Көшіріп жазып, тиісті тыныс белгісін қойыңыздар.
І. Жұқа ерінді ақшыл жүзіне қызыл шабдар шырай лып ете қалды да қыз өңі бейне бір үлбіреген қырдың қызғалдағына ұқсап кетті. Шайы көйлек оны одан да сүйріктендіргендей белін қынай түскен. 2. Байқағаның жақсы және өзің әр нәрсені байқауға шамаң келіп қалғаны жақсы көрініп тұр. З. Гүлжиһанның бұл ішінен өзіне ғана айтқан сөзі еріксіз қатты шығып кетті қатарында отырған ағасының құлағына шалынып қалды. 4. Меңдіқыз Хакімге қарады да Әлібек Мендіқыздың бетіне қарады. Екеуінің жүзінде де таңырқау белгісі әліптей тартылды. (Х.Ес) 5. Аулымыз қашық емес қазір-ақ барып жетеміз (X. Рахимов.), б. Айсұлудың бұған күші де жетеді ептілігі де бар (А. Байт.}. 7. Жаңа табысқан достардың көзі іліккені де сол еді әлдекімдер есікті тарсылдата бастады. (М. Қар.). 8. Есенқұл айтқанша болған жоқ жаңағы жүк машинаға да келді. 9. Олардың түйеші қарт Әкімжаннан басқасының бәрі қойшы бәрі де жастар. 10 Мынаның егіні әрі жақсы әрі мұның егініне төніп тұрған қауіп — жоқ .(Ә.Ә)
4-жаттығу. Ыңғайлас салаластың құрамындағы жай сөйлемдер қалай байланысып тұрғандығын (іргелес я жалғаулық шылаулар арқылы) анықтаңыздар.
1. Манағы бір кезде алыстан шумағы қалың бір шаң көрініп еді, сол шаң жақындап келеді. 2. Сегіз жасынан бергі өмірін теңіз бетінде өткізген оның талай қызықты әңгімелері бар екен және дәмдендіріп айтады. 3. Колхозда он үш мың қой бар, оның тең жартысы – арқар-меринос. 4. Үй ішіне қаз-қатар қалайы бидондар қойылған екен, әрқайсысына бес-бес шелектен сүт кетеді (С. М.). 5. Қабырғада ілулі тұрған репродуктор тысырылады да, отырған үшеуі де тына қалды (М. И.). 6. Жұрт босағадан аттап та үлгермеді – жас нәрестенің шыр ете қалған даусы казарманы басына көтерді (Ә. С). 7. Қорғасын балқытудың қарт шебері Мелдекең оған көп үйретті, өзінің барлық тэжірибесін Оспан мен оның қасындағы жастарға берді (С. Бакб.). 8. Жер де мәңгі, ел де мәңгі 9. Тосырқаған тарыға бір кезең бір күндік жолдай, жалыққан Жамалға бір күн жылдай (Г. Мұст.).
5-жаттығу. Берілген жай сөйлемдерді мағыналарының ыңғайына қарай жалғаулық шылаулармен өзара байланыстырып, ыңғайлас салаласқа айналдырыңыздар.
1. От басында үш кісі отыр. Жантайып және біреу жатыр. 2. Еңбек адамды көрікті етпек. Ол тынысты тазартады. 3. Үйіндегі сегіз жанның үшеуі қызметте. Басқасы — әжетке жарамаған жас балалар. 4. Артынша-ақ терістік желі түстікке шығып алды. Ол кідірмей кәдімгі қызыл желге айналды.
6-жаттығу. Мына төмендегі жай сөйлемдердің әрқайсысына ойларың-нан сөйлем қосып, ыңғайлас салалас сөйлем жасаңыздар.
1. Балалар тағы да ойланып қалып еді,… 2. Жұмыс та басталып кетті,… 3. Әрі әсем сыбызғы үнді нәзік ән қүлақка келеді, әрі… 4. Қайырбек те лып етіп шыға жөнелді, Мұқит та … 5. … және кітабы қолынан түспейді. 6. Алыстағы тау жақта ұлардың шулаған үні құлаққа келеді, кекіліктер де … (Ғ. Сланов.)
7-жаттығу. Ыңғайлас мәнді жалғаулық шылаулар қатысқан сөйлем-дер-дің қайсысы жай сөйлем, қайсысы құрмалас сөйлем екенін ажыратып, жай сөйлемді бір бөлек, құрмалас сөйлемдерді бір бөлек топтап жазыңыз-дар.
1. Сәндену де, бой түзеу де әлі алда. (Б. Соқп.) 2. Әйел киімін киіп шыкқан аю да биледі, кыз баланың киімін киіп шықкан ірілі-ұсақты иттер де биледі. (С. Ш.) 3. Көшелері әрі кең, әрі атқан оқтай түзу. 4. Қаныш Баянауыл әндерін көп біледі және оны өзі жақсы орындайды. (М. Қар.) 5. Гүлнарды Самарқан атына мінгізді де, өзі жанапайлап жаяу жүріп отырды. Аттың аса жайлы және ұтымды аяң жорғасы бар екен. 6. Осындай қатты қимылдың үстінде бір адамның жүріс-тұрысы да, даусы да менің көңілімді бөле кетті. 7. Айбаршаның құлаш қимылы Сырбайдан әлдеқайда шапшаң және әлдеқайда нығырақ. Сырбай жас күштің алдында кәрі күштің тізе бүккенін мойындайды, әрі өз келінінің каруы өзінен басым шығуына аса сүйсінеді. 8. Меніңше, таза жүректі болу еркі адамның өзінде ғой деймін және сенің де сондай адам екеніңе өзім сенем. (С. М.)