Тұрлаулы сөйлем мүшелері

Тұрлаулы сөйлем мүшелері

Тұрлаулы сөйлем мүшелерінің екі түрі бар.
1. Бастауыш
2. Баяндауыш
Мысалы: Айша енді күншығыстың қай жақ, күнбатыстың қай жақ екенін көрді.Шабдар ат та енді денесін бекітіп алды.Қара түн жұқа, ақшыл мұнарға айналды. (С.С)
— Бұл сөйлемдердің тұрлаулы мүшелері: Айша көрді. Ат бекітіп алды.Түн айналды.Бастауыштары — Айша, ат, түн. Бұлар сөйлемде айтылған іс — оқиғаның иесін білдіреді. Бастауыштың грамматикалық — мағыналық белгілері:
1. атау септік тұлғасында тұрады;
2. іс — оқиғаның иесін білдіреді;
З. кім? не? деген сұраққа жауап береді;
4. баяндауышпен жақ жағынан жекеше, көпше түрде қиыса байланысады.
Сөйлемде атау септігінде тұрып, іс — оқиғаның иесін білдіретін тұрлаулы мүшені бастауыш дейміз.
Оқыған білер әр сөзді.(Абай) Әңгіменің басталуы қиын, — өрбуі оңай. (С. Сарғ)
Баяндауыш.
Ержан оқушыларына сенеді. (Ғ.Сапаев) Мен туған ауылымды қастер-леймін. (С.Сарғ.) Күн бұлыңғыр. Ауада дымқыл иіс бар. Тау бөктерінде шөп қылтиып өсіп келеді.
(Б. Тоғысбаев)

 

Сөз табы Шарты Мысалдар
Зат есім Кез келген зат есім. Базаралы Апанасты қатты ұнатқан жүзбен қарап отыр. (М.Ә) Машина жаңа Қарағанды-ның бір биік үйінің алдына тоқтады. (Ғ.М)
Есімдік:
Жіктеу, сілтеу, өздік, жалпы-лау, т.б. Зат есім ор-нына қолда-ныла-тыны Сіздер бізге көп нәрсе үйрет- тіңіздер. (М.И) Бұл көктем желі. (С.Бақб.) Өзіңіз ақын екенсіз ғой?! (С.О) Бәрі де осы келі-сімге ден қойды. (Х.Рахимов) Әркімдер тілек – үсыны-старын айтты. (С.Сарғ)
Сын есім Заттану Үлкендер бала мінезіне сүйсініп қалды. (М.Ә) Ақылды — ісіне сенеді (Мақал)
Сан есім Заттану Үшеуі суыт жүріп кетті(С.О) Сегіз екіге бөлінеді.
Етістіктің есім-ше, тұйық түрі Заттану Оқыған білер әр сөзді. (Абай) Әңгіменің басталуы қиын, — өрбуі оңай. (С. Сарғ)
Бұл сөйлемдердің тұрлаулы мүшелері. Ержан сенеді. Мен қастерлеймін. Күн бұлыңғыр. Иіс бар. Шөп өсіп келеді. Баяндауыштары — сенеді, қастерлеймін, бұлыңғыр, бар, өсіп келеді.
Баяндауыш бастауыштың ісін, жай-күйін, оқиғаның қай шақта болғанын білдіріп, онымен (бастауышпен) жақ жағынан үйлесе байланысады. Баяндауыш сөйлемді тиянақтап тұрады.
Бастауыштың жай — күйін, оқиғаның қай шақта болғанын білдіріп, сөйлемді тиянақтап тұратын тұрлаулы мүшені баяндауыш дейміз. Баяндауыштың негізгі белгілері:
1. бастауыштың ісін, жай-күйін білдіреді;
2. іс-оқиғаның қай шақта болғанын көрсетеді;
3. жіктік жалғауын жалғап, бастауышпен қиыса байланысады;
4. сөйлемді тиянақтап тұрады;
5. кейде бастауышсыз-ақ сөйлемге ұйытқы болады;
6. өзіне тән арнаулы сұрауы жоқ.. Қай сөз табынан болса, сол сөз табының сұрауына жауап береді.
Мысалы: Далаға шықтым. — Қайттім? Тау биігінен тік асып ай қалықтап барады.
— Қайтеді? Сансыз жұлдыздар жымыңдайды. — Қайтеді? Төңірегім – шы-рылдаған шегіртке үні. — Не? Түн жұмбақ сырға толы. — Қандай? (С.Шайн.)
Баяндауыштың жасалуы:
1. Баяндауыш көбінесе етістіктен болады. Шолпандар қалашығында электр шамы жарқырайды. (Б. Дәул.) Біз ұшқыш болуға уәделесіп қойған-быз. (Қ.Тол.) Жәке, тоқтай тұрыңыз. (Ғ.М.) Жаңа техникамен өнімді еңбек етуге болады. Пионерлердің ең басты міндеті — жақсы оқу.(Қ.Тол.)
2. Баяндауыш есім сөздерден де болады:
Зат есім. Дәрігер — ардақты мамандық. (Е.Иманб.) Сананы тұрмыс билейді. (К.Маркс)
Сын есім. Біздің қатарымыз болаттай берік. Күн шайдай ашық. Тау жақтан ескен самалдың лебі салқын (Қ.Тол.)
Сан есім. Біздің үй екінші. Бұлар он бес (С.Сарғ.)
Есімдік Біздің қақпан әне. Нағыз теңіз романтикасы деген осы. Қызылшаңыздың биылғы бабы қалай? («Тербеледі тың дала»)
Әр тарап сөздер. Ол кезде қазіргідей шеберхана жоқ-ты. (С.Сарғ.) Қазір ол үйде кітапхана бар. (С.Шаим.)
Бастауыш пен баяндауыштың байланысы.
Сөйлемде бастауыш пен баяндауыш екі түрлі жолмен байланысады.
І. Жіктік жалғаулары арқылы және жіктелу ретімен жақ жағынан жекеше, көпше түрде қиыса байланысады.
Мен балалық, жастық шағымды осы далада өткізгенмін. (С.О) 1- жақ , жекеше түрде қиыса байланысып түр.
Біз Есілдің құмайт жиегінде отырмыз. (З. Иманб.) — 1- жақ, көпше түрде қиыса байланысып түр.
Сендер Мекеттің үйіне барып түсе беріңдер. (С. Шайм.) — 2- жақ, көпше (анайы) түрде қиыса байланысып тұр.
Ол ашық сөйлеседі. (Ғ.Мұст.) — 3- жақ, жекеше түрде қиыса байланысып тұр.
2. Интонация арқылы байланысады. Бастауыштан кейін сәл кідіріс болады. Күй иесі -Құрманғазы.(Ғ.Муст) — Күй иесі деген бастауыштан кейін кідіріс жасалады. Бұлтты күні ұшу — қиын.(Х.Досп) Бұл — аса жауапты жұмыс.(«Теңіз тарландары») Айтуда «бұл» деген бастауыштан кейін кідіріс жасалады.
Бастауыш пен баяндауыштың қай сөз табынан болатынына қарай жақ жағынан қиысу әр түрлі болады.
Жіктеу есімдіктерінен, тәуелдік жалғаулы өздік есімдігінен болған бастауыштар өз баяндауыштарымен үш жақта жекеше, көпше түрде жіктік жалғаулары арқылы немесежіктелу ретімен қиыса байланысады.
Жақ Жекеше
Бастауыш- баяндауыш Көпше
Бастауыш- баяндауыш
I Мен -келемін.
Өзім — оқушымын Біз(біздер) – келеміз.
Өзіміз — оқушы\лар\мыз
II Сен — келесің.
Өзің — оқушысың
Сіз — келесіз.
Өзің — оқушысың Сендер – келесіңдер.
Өздерің — оқушы\ лар\ сыңдар
Сіздер – келесіздер.
Өздеріңіз — оқушы\лар\сыздар
III Ол – келеді.
Өзі — оқушы Олар – келеді.
Өздері – оқушылар
Кейде жіктеу және өздік есімдіктерінен болған бастауыштар қосақтала айтылып, баяндауыштарымен бір жақта жекеше, көпше түрде қиыса береді. Мысалы:
Мен өзім келемін. Біз өзіміз келеміз.
Мен өзім Абай сөзінен оқудың жақсы екеніне ден қойған кісімін. (М.Ә) Сен қайтер едің? (М.И)
Тәуелдік жалғаулы жалпылау, белгісіздік, болымсыздық есімдіктері, тәуелдік жалғауы сан есімнен болған бастауыштар өз баяндауыштарымен үш жақта тек көпше түрде қиыса байланысады.
1 жақ.. Бәріміз үйренеміз Екеуіміз жастымыз
2 жақ . Бәрің Екеуің
} үйренесіңдер } жастысыңдар
Бәрілерің Екеулерің
Бәріңіз үйренесіздер Екеуіңіз жастысыздар
3 жақ . Бәрі үйренеді Екеуі жасты
Бұлар да жіктеу есімдіктерімен қосақталып айтыла береді. Біз бәріміз үйренеміз. Біз екеуміз жастымыз.Біз екеуміз бір ауылда тұрамыз.(М.И.) Әрқайсымыз өз ісімізден тиісті сабақ алғандай болдық.(М.И.)
3. Баяндауыш етістіктің бұйрық райынан өз бастауышымен II жэне III жақта жекеше, көпше түрде, қалау райынан болғанда, үш жақта жекеше, көпше түрде қиыса байланысады.
Бұйрық рай
Жекеше Көпше
II Сен кел.
Сіз келіңіз.
III Ол келсін. Сендер келіңдер.
Сіздер келіңіздер.
Олар келсін.
Жаттығу жұмысы:
№1. Қарамен жазылған сөздердің қайсысы бастауыш, қасысы басқа мүше екенін ажыратыңдар.
1. Ол енді көпшілікке ұғымды әңгіме айтты.(М.Ә.) 2. Ол машинаның тетігін кез келген жан біле бермейді. 3. Бұл расын айтты.4. Бұл дауыс та маған көптен таныс.(С.Бақт.) 5. Қара сақал — белгілі Уэли деген шопан.6. Ертең машина жіберіледі. 7. Машина ызғыта жөнелді.(Ғ.С)
№2. Төмендегі сөздерді бастауыш етіп , сөйлем құраңдар.
Абай, «Ботагөз» романы, оқиға, ақыл, біз, жиырма, үйрену, үлкен, меруерт, Алматы, «Сарымбет», Құрманғазы, уһ, спорт.
№3. Көшіріп жазып тұрлаулы мүшелердің астын сызыңдар да, баяндауыштың қай сөз табынан екендігін тиісті сұрау қоя отырып айтыңдар.
Ауыл жым-жырт ұйқыда. Бір- екі әйел сиыр, уақ малдарын өріске ұзатып барады. Тау өзенінің сарқырама шуылы құлаққа анық жетіп тұр. Таудан ескен жаңғы жел ызғарлы- ақ . Алыстан мотор үні талып естіледі. Дала тіршілігі енді- енді басталғалы тұр. (Ө.Күмісбаев.)
№4. Берілген мақал- мәтелдердің баяндауыштарын өздерің ойлап табыңдар да, қай сөз табынан жасалғанын көрсетіңдер.
1. Ердің сыншысы- … .2. Ерді намыс … . 3. Палуанға оң-терісі … 4. Көп … , терең … . 5. Өнерлі өрге … . 6. Өнерлінің өрісі … . 7. Көп сөз — … . 8. Жердің сәні — … Ердің сәні- … .
№5. Тұрлаулы мүшелерді тауып, олардың қай жақта, қай түрде (жекеше және көпше түрде) байланысқанын анықтаңдар.
1. Мен сіздің ән жайлы пікіріңізді білу үшін әлгі сөзді әдейі айтқан едім. Ән мен жырды қадірлеушілердің бірі өзіңнің балдыңыз.Сол айтқан Бұғылы мен Тағылыңыз- сонау көрінген таулар. 2: Даусыңыз тамаша, жақсы екен! Нақышына келтіріп айтады екенсіз. Сіз мұны қалжың деп ұқпаңыз. Шын өнерпаздың да өз өнеріне өзі төрешілік ете алмай жүретіні болады. Мен сіздің тап басқаныңызға риза болып тұрмын. Әнші болғаным да рас. Бірақ әнді кәсіп ету — біз сияқтыларға екіталай жұмыс. З. Сіздер оқуды жаңа ғана бітіріп келген жас мамансыздар. 4. Біз өзіңіздің қарама-ғыңыздамыз. 5 Бұл жігіттерді сізге өзім таыстырайын.6. Ол көшеде Құсбе-ковпен кездесті. Құсбеков өзі де сонда бара жатыр екен. Енді екеуі бірге жүрді (А.Ханг.)

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *