Себеп-салдар, мақсат, күшейткіш үстеулер

Себеп-салдар, мақсат, күшейткіш үстеулер.

Себеп-салдар үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің болу себебін білдіреді де,не себепті? неге? қалай? деген сұрақтарға жауап береді. Себеп-салдар стеуіне босқа, құр босқа, амалсыздан, лажсыздан, шарасыздан, бекерге деген сөздер жатады. Мысалы: босқа әуре болма, амалсыздан келіп отыр, бекерге айтқансың т.б.
Себеп-салдар үстеулер: босқа (зря), бекер (зазря), бекерге (зазря), текке (зря), құр босқа (только зря), себепсіз (без причины), амалсыздан (вынужденно), шарасыздан (из безысходности).
Мақсат үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің болу мақсатын білдіріп, қалай? не мақсатпен? деген сұрақтарға жауап береді. Мақсат үстеулері сан жағынан көп емес. Оған: әдейі, жорта, әдейілеп, қасақана т.б. сөздер жатады. Мысалы: әдейі келдім, жорта айтты, әдейілеп шақырды, қасақана үндемеді т.б. Мақсат үстеуі: әдейі (назло), әдейілеп (специально), жорта (намеренно), касакана (нарочно), көре тұра (видя), біле тұра (зная) т.б.
Күшейткіш үстеу сынның немесе қимылдың, іс-әрекеттің белгісін я сапасын күшейтіп, я солғындатып көрсетеді. Күшейткіш үстеулер, көбінесе сапалық сын есімдермен тіркесіп жұмсалады да, онымен тұтасып келіп, сын есімнің күшейтпелі шырай түрін жасауға негіз болады. Мысалы: ең әдемі, тым биік, аса терең, орасан зор, өте жақсы т.б.
Күшейткіш үстеулердің біразы етістікпен тіркесіп, қалай? деген сұраққа жауап беріп, қимылдың сипатын күшейте я солғындата көрсетеді. Мысалы: мүлдем білмейді, әбден шаршаған, сәл жүріңкіре, керемет сөйлейді т.б. Күшейткіш үстеулер: әбден (совсем), тым (слишком), ең (самый), ылғи (исключительно), сәл (немного), тіпті (даже), нақ (точно), керемет (необычайно), орасан (очень), мүлдем (совершенно), өңкей (сплошь), аса (очень), сәл-пәл (чуть-чуть) т.б.
Жаттығулар жинағы.
№1. Мына сөйлемдерді оқып, орыс тіліне аударыңыз.
1. Өңкей жас адамдар отыр екен. 2. Дауысы өте зор. 3. Тым ақырын сөйлейсің. 4. Мен үшін ең жақын адам — шешем. 5. Пісірген тамағың керемет дәмді екен. 6. Аса құрметті ата, сыйлы қонағымыз болыңыз. 7. Мына жаттығу тіпті қиын екен. 8. Сәл күте тұрыңыз, мұғалім қазір келеді. 9. Сабаққа ылғи кешігесің! 10. Нақ айтып отыр!
№2. Күшейткіш үстеулерді тауып, қандай сөзбен тіркесіп тұрғанын анықтаңыздар.
1. Содан бері қысқы жүні жетіліп, өңі ажарланып, қатты құлпырып алған. 2. Осы кезде созыла шапқылаған тосушылардың барлығы да мүлдем шаршаған болатын. 3. Мұнда бүгін аса үлкен әбігер бар. Абай мен оның барлық үй іштері, іні-шәкірт достары үшін ең қадірлі әбігер. (М.Ә.) 4. Тауық етінен жасалған бұл кеспе өте дәмді піскен екен. (С.М.)5. Ауыл реңі мүлдем жүдеу еді. Сырт ажарында тіпті тірлік белгісі жоқ. (М.Ә.)
№3. Мына сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз.
1. Әдейі істеп отыр. 2. Біле тұра неге солай істейсің? 3. Әдейілеп Сізді көру үшін келіп отырмын. 4. Көре тұра неге үндемейсің? 5. Жорта ешкімге айтпайық. 6. Әдейі сенен сұрағалы отырмын. 7. Әдейілеп оған хат жазып отырмын. 8. Мен оны қасақана істемеймін.
№4. Сұрақ қою арқылы мақсат және себеп-салдар үстеулерін тауып, бір-бірінен айырмашылығын көрсетіңіздер.
1. Жаздыгүнгідей емес, ауыл үйлері біріне-бірі әдейі жақын қонған. (М.Ә.) 2. Қарағандыға Лизалардың тойына әдейілеп академик келді. (С.Е.) 3. Мана үйде бірер әнді айтқанда Балуанның даусы зор сияқты емес еді, енді амалсыздан сол әнді айтқанда, даусы дауыс емес, мөлдір судай кіршіксіз дауыс. Әдемі әнді құмарта тыңдаған қалың жұрт лажсыздан таң ата у-шу болып тарқады. (С.М.) 4. Айлакер Дэннир түрлі айла — шарғымен уақытты жорта оздырып, бірінші рауындтағы қатты соққыдан есін әбден жиып алғысы келіп жүр. (Джек Лондон)
№5. Мына сөйлемдерді оқып, орыс тіліне аударыңыз.
1. Босқа әуре болма. 2. Текке жұмыс тоқтап тұр. 3. Амалсыздан қонаққа бара жатырмын. 4. Шарасыздан тоқтаймыз. 5. Бекер мұны бастап отырмыз. 6. Қүр босқа барамыз. 7. Себепсіз қонақ шақырып отырмын. 8. Текке рұқсат бересің. 9. Босқа уакытым өтіп бара жатыр.
№6. Мына үстеулерді пайдаланып, сөйлем құраңыздар. Өңкей, тым, аса, ең, өте, керемет, орасан, ылғи, мүлдем, нақ, сәл, жорта, қасақана, әдейілеп, біле тұра, әдейі, көре тұра, амалсыздан, себепсіз, текке, бекер, босқа, құр босқа, шарасыздан.
№7.1. Мына сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз, үстелерді көрсетіңіз
1. Әдейі істеп отыр.
2. Біле түра неге солай істейсің!
3. Әдейілеп сізді көру келіп отырмын.
4. Көре түра неге үндемейсің?
№7.2. Мына сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз, үстелерді көрсетіңіз
1. Жорта ешкімге айтпайық.
2. Әдейі сенен сүрағалы отырмын.
3. Әдейілеп оган хат жазып отырмын
4. Мен оны қасақана істемеймін.
№7.3. Мына үстеулерді пайдаланып сөйлем құраңыз
Көп-көптен, аз-аздан, топ-тобымен, екеулеп, жорта, әдейілеп, біле тұра.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *