Себеп бағыныңқылы сабақтас

Себеп бағыныңқылы сабақтас

Бағыныңқы сыңары басыңқыдағы қимыл-әрекеттің істің себебін білдіретін сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем деп атайды.
Себеп бағыныңқылы сабақтастың бағыныңқы сыңары неліктен? не себепті? неге? не деп? деген сұрақтарға жауап береді.
Сабақтастың себеп бағыныңқылы сыңары:
1. Есімшенің өткен шақтағы түріне жалғанған – дықтан/-діктен жұрнағы мен шығыс септігінің жалғауына аяқталады: Бер жағы қалың ағаш болғандықтан, жолаушыға көрінген жоқ (Н. Ғ.).
2. Себеп бағыныңқылы өткен шақтағы есімше мен соң септеулігінің тіркесіне аяқталады; Отқа қарап отырып шыққан соң, көз үйренгенше солай болады ғой (С. С.).
3. Көсемшеге аяқталады: Ойламаған жерден жел тұрып, сұрапыл дауыл соғады; қалың жауын нөсерлей құйып, бұрын суы толарсақтан келер тайыз жыра өткел бермес долы өзенге айналады (І. Е.).
Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдегі бағыныңқы мен басыңқы сыңарлардың арасына үтір қойылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *