Сабақтас құрмалас сөйлем
Басыңқы және бағыныңқы бөліктерден тұратын құрмалас сөйлемнің түрін сабақтас кұрмалас сөйлем деп атайды.
Мысалы: Бұл туралы тағы да тиянақтап алғысы келгенмен, Жанар-дың батылы бармады (3. Қабд.).
Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалуы дегенде, негізінен, бағыныңқы сыңардың баяндауышының орнындағы сөздің тұлғасы ескеріледі. Атап айтқанда:
1. Бағыныңқының баяндауышы көсемшеден жасалады: Теңіз жағасы-на көшіп келгелі, сары інгеннің бұрынғы жайылған өрісіне аңсары ауады да тұрады (Ә. Н.).
2. Бағыныңқы сыңардың баяндауышы септік жалғаулы есімшеден жасалады: Біз орнымыздан тұра бергенімізде, Есімбектің ауылы жағынан жүгіре басып келе жатқан Базарбай да көрінді (Ғ. М.).
З. Бағыныңқының баяндауышы есімше мен септеуліктің тіркесінен жасалады: Отауға жеткен соң, шешесі мен Шынар арбадан түсе сала, жүгіре жөнеліп, отауға кіріп кетті. (F. М.).
4. Бағыныңқының баяндауышы шартты рай тұлғалы етістіктен жасала-ды: Қонағы домбыра тартса, ол әнімен қосылады (Ү. Б.). Сабақтас құрмалас сөйлемдердің түрлері:
Сабақтас сөйлемнің беретін мағынасы бағыныңқы сыңарға тікелей байланысты. Мұндай мағыналардың өзі әр түрлі болады. Құрамындағы бағыныңқы сыңарлардың мағыналық ерекшеліктеріне қарай сабақтас құрмалас сөйлемнің мынадай түрлері болады:
1. Шарт бағыныңқылы сабақтас.
2. Қарсы бағыныңқылы сабақтас.
3. Себеп бағыныңқылы сабақтас.
4. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас.
5. Амал (қимыл-сын) бағыныңқылы сабақтас.
6. Мақсат бағыныңқылы сабақтас.
Бағыныңқы сыңары басыңқы сыңардағы ой, іс-әрекеттің жүзеге асу шартын білдіретін сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін шартты бағыныңқы-лы сабақтас деп атайды.
Шартты бағыныңқылы сабақтастың бағыныңқы сыңары әр түрлі тұлғада келеді:
1. Етістіктің шартты рай тұлғасы: Қаранардың мен кедейлігін, аты-жөнін, фамилиясын пайдаланып жүрген болсам, сен оның өзін, қара күшін пайдаланып жүрсің. (Р.Райым,).
2. жұрнақты көсемше, кейде оның үстіне -ынша/-інше жұрнағы қоса жалғанады: Жаман айтпай, жақсы жоқ (мақал). Қыс бойы малда болған тракторларды жинап алып, жедел жөндеуді жолға қоймайынша, жұмыс өрістемейді (М. X.).
3. Жатыс септігіндегі өткен шақтық есімше: Осы көлдің көзін ашып, түбін тазартпағанда, мен саған айтайын, Кебек қарағым, бұл Сабындыкөл емес, Сасықкөл боп кетейін деп тұр. (3. А.).
Шарт бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің бөліктері бір-бірінен үтір арқылы ажыратылады.
Шарт бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңары қайтсе? не етсе? қайткенде? не еткенде? қайтпейінше? не етпейінше? қайтпей? не етпей? деген сұрақтарға жауап береді.