Жақты сөйлем мен жақсыз сөйлем
Тұрлаулы мүшелері, әсіресе, баяндауышы бар және олардың белгілі заңдылықпен қиысып келген жай сөйлем түрін жақты сөйлем деп атайды.
Мысалы: Мен елдің жіберген елшісімін (М. Ә.).
Кей жағдайларда баяндауышы белгілі болып тұрғанымен, бастауышы сөйлем ішінде болмауы да мүмкін. Мұндайда баяндауыштың тұлгасына қарай бастауыш ретінде жіктеу есімдігін қойса, солай етуге мүмкіндік болса, мұндай сөйлемді де жақты сөйлем деп есептеу керек: Желбегей, жел гуілдеп қолтыеымнан, жылыстап кете бердім туган үйден (Ғ. О.).
Тұрлаулы мүшелерден құрамында тек баяндауыш қана бар және баяндауыштық тұлғасына қарап бастауышты табуға болмайтын жай сөйлемді жақсыз сөйлем деп атайды.
Мысалы: Бөгет жасайтындардың бәрін тәртіпсіздіктің, бюрокра-тизм мен былықтырушылықтың немқұрайлылық пен қырсыздықтың қандай да болса көрінісін – принциптілікпен сынау керек
(«Егемен Қазақстан» газетінен).
Жақсыз сөйлемнің баяндауыштары күрделі болып келеді және олардың грамматикалық тұлғалары мынадай болады:
1. -қы/ -кі, -ғы/ -гі жұрнақтары қалау райлы етістік пен көмекші етістіктің тіркесінен жасалады: Менің көрсеткім келмейді (С. М.)
2. Барыс жалғаулы жай немесе тәуелді етістік пен бол, жара, тура, кел сөздерінің тіркесінен жасалады: Қашқын болуымның басы: бір жерде тұрақтамауыма тура келді (Ғ. Мұст.).
3. Жай не тәуелденген тұйық етістік пен керек, қажет, мүмкін, тиіс сөздерінің тіркесінен жасалады: Дәл осы арада он минут іиіінде он жылга қартайган болуым керек (Б. Мом.).
4. -ып, -in, -п жұрнақты етістіктің көсемше түрі мен бол көмекші етістігінің тіркесінен жасалады: Кімнің келіп, кімнің кетіп жатқанын тіпті біліп болмайды.
5. Құрамында бастауыш тұлғалы сөзі бар тұрақты тіркестер (төбе шашы тік тұрды, зәресі ұшты, көзі жетті, екі езуі екі құлағында т. б.): мысықтың мына кейінгі үй-жайын айтқандағы түріпе Шоқанның көзі түсті (С. Б.)