Жай сөйлемнің түрлері

Жай сөйлемнің түрлері

Біршама аяқталған ойды білдіретін жеке сөзді немесе сөз тіркесін сөйлем деп атайды.
Сөйлем құрылысына қарай екі түрге бөлінеді:
1. Жай сөйлем
2. Құрмалас сөйлем .
Жай сөйлемнің түрлері:
Хабарлы сөйлем. Бір құбылыстың не бір оқиғаның жай-жапсарын баяндау, хабарлау мақсатымен айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз.
Бұйрықты сөйлем деп біреуге бұйыру, не бірдеңені талап ету мақсатымен айтылатын сөйлемді атайды.Бұйрықты сөйлем үндеу, шақыру, іске қосу, өтіну, жалыну, кеңес беру, тілек ету магыналарында да айтылады. Мұндайда сөйлем бәсең дауыспен айтылып, жазуда сөйлемнің соңына нүкте қойылады. Ал сөйлем шын мәніндегі бұйыру, қатал талап ету мағынасында көтеріңкі дауыспен айтылғанда, соңына леп белгісі қойылады. Мысалы: Көрсетпе көз жасыңды! (Не показывай слезы!). Қарындасым, ондай өтірікті ағаңа айтушы болма! «Сестренка, брату такую неправду не говори!»(Ә.Ә.).
Бұйрықты сөйлем бұйрық райлы етістік арқылы жасалады. Бұйрық райдың 2-жақтың жекеше, көпше түрімен бірге, 3-жагында да айтылады. Етістіктің екінші жағына -шы/-ші жұрнақтары қосылып айтылады. Мысалы: — Жігіттер, қимылдасаңыздар-шы!
(Ребята, пошевеливайтесь-ка!) Тыңда, дала, Жамбылды! «Слушай, степь, Жамбула», Жұмаш, бері кел! «Жүмаш, иди сюда!»
Лепті сөйлем адамның әр түрлі көңіл-күйіне байланысты айтылған сөйлемдер. Мысалы: Қандай керемет! Бүгін тамаша күн! Қап, әттеген-ай, қылды ғой қылықты! Не деген тамаша!
Бір нәрсе жайында сұрай айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз.
Мысалы: Кімдер таратып,насихаттайды?
Толымды және толымсыз сөйлемдер.
Жай сөйлемнің кейбіреуінде айтылуға тиісті мүшелері түгел қатысып, тыңдаушыны толық қанағаттандырады, іс- оқиға жайында толық хабар бе-ріледі. Мысалы: Мен сол күні кеште Сейдәзімов Мейірқұлмен ұзақ отырдым. Жер жыртқан тракторлар гүрілі алыстан құлаққа шалынады (С.Сарғ.)
Айтылуға тиісті мүшелері түгел қатысқан жай сөйлемнің түрін толымды сөйлем дейміз.
Толымды сөйлемнің негізгі белгісі:
1) айтылуға тиісті мүшелері түгел қатысады
2) басқа сөйлемге тәуелді болмай, дербес айтыла береді, тиісті бір мүше, не бірнеше мүше бұрын тұрған сөйлемнен белгілі болғандықтан, қайталап айтылмай түсіп қалады.
Жай сөйлемдердің кейбіруінде айтылуға тиісті бір мүше не бірнеше мү-ше бұрын тұрған сөйлемнен белгілі болғандықтан, қайталап айтылмай түсіп қалады.
Мысалы: Уақыт деген жүйрік қой. Былай қарасаң, қас қаққанша өте шығатын сияқты. («Армысың, ардақты адам.»). Екінші сөйлемде айтылуға тиісті мүше (уақыт) қатыспаған. Сондықтан бұл толымсыз сөйлем болып тұр. — Командириріңіз қайда? — Алда кетіп барады.(М. Ғабд.). Соңғы сөйлемде «командиріңіз» деген бастауыш айтылмай қалып тұр.
Айтылуға тиісті тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерінің бірі түсіп қалған жай сөйлемді толымсыз сөйлем дейміз.
Толымсыз сөйлемнің жасалу жолы екі түрлі:
1) дара желілес сөйлем тобынан.
Агроном қаулай шыққан жас егінмен тынысып, таңданғандай сүйсіне сөйледі.
(не?) Біркелкі жақсы өсіпті. Май айының жаңбыры да (неменеге?) болысып жіберді.(кім? неге?). Кеш ексек те, (не?) кенжемейтін емес. («Тербеледі тың дала.»).
Базар апайды бұл маңайда білмейтін адам жоқ . Сол себепті де мына салтанатқа шақырылып отыр.(3. Иманб.). Соңғы сөйлемде бастауышы (Базар апай) түсіп қалған -толымсыз сөйлем.
2) Диалог (екі және бірнеше адамның сөйлесуі) жағдайында.
Ал, ұлым, сен қайдансың?
[кім?] Қазақстаннан, Алматыдан.
Иә, [кім? нені?] білем, [қайда?] барғанмын.
Қазақстанның болашағы зор [не?]. Еліміздегі шексіз қазыналы өлке. (Қ. Тол.)
Сіз Құлажан ағайды білесіз бе?
Білемін. (С. Сарғ.) Мұнда да соңғы сөйлем (білемін) толымсыз сөйлем болып тұр: айтылуға тиісті бастауышы (мен) және толықтауышы (Қүлжан ағайды) түсіп қалған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *