ГИПЕРМӘТІН

(грек. hyper – жоғары, ар жағында) — мәтіндер иерархиясында, жүйеге айналған, сонымен қоса мәтіндердің көптігін білдіретін арнаулы құрылым. Г–нің қарапайым мысалына сөздіктер мен энциклопедиялар жатады: ондағы әрбір мақала осы сөздіктегі басқа мақалаларға сілтеме береді. Осындай мәтінді әр түрлі оқуға болады: Г–дік сілтемелерді ескермей, қажетіне қарай, бір мақаладан екіншісіне; сілтемелерді ескере отырып, мақалаларды басынан аяғына дейін; немесе, бір сілтемеден келесісіне ауысып, Г–дік саяхат жасау кездеседі. В. Рудневтің “Қазіргі мәдениет сөздігі осы үшінші тәсілмен құрастырылған. Айталық Г. мақаласын оқу үшін гипершындық, виртуалдық шындық, сананың өзгерілген түрлері сияқты мақалаларымен міндетті түрде танысу қажет. Г. әдетте, тізбектік сипатта болады және ол түзу сызықты емес ой лабиринтіне ұқсас. Оған бір енгеннен кейін, қайта шығу қиындық туғызады.

Мыс., “Көк шалғынды кесуші” фильмінде кейіпкер компьютерлік виртуалды шындықтармен танысқан соң, парасаты мен денесі күшейіп, әлемдік билікке ұмтыла бастады, бірақ компьютерлік Г–ге түскеннен кейін одан шыға аламай қалды, өйткені, ол өз паңдығының қақпанына түсті. Мыс., Адам белгілі бір Г–ді қабылдайды: нақтылы бір тілдік ойындарды, қарым–қатынас шеңберін, ойлау тәсілдерін, әдеттегі кітаптарды т.б. Енді ол осы өзін жалықтырған дүниеден кетейін десе, оны қалыптасқан Г. ережелері ұстап тұрады. Олардан шығу үшін үлкен ырық қажет. Бірақ, ол адамды ырықсыз билей алады. Г. адаммен ойын ойнағандай болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *