(грек.genos–тек, қауым, лат. Caedo–өлтіремін) — нәсілдік немесе этностық басымдылық пен жеккөрушілікті желеу етіп, адамдық бірлестіктерді жою әрекеттері. Нәсілдік Г. адамзат тарихында ақ нәсілдің айрықшалығы және үстемдігіне негізделген ұстанымдарды басшылыққа алып, Американың байырғы тұрғындары үндістердің бірталай бөліктерін құртып жіберу әрекеттерінде, негрлерді құлдыққа сатып, оларды туған жерлерінен аластату қимылдарында, Гитлердің “арийлік нәсілдің” үстемдігін орнату мақсатындағы еврейлерді қудалауында т.б. көрініс тапты. Г–тің негізі – этностарды “адамдар” және “адамсымақтардан” құралған деген принцип бойынша алалау. Этникалық Г–тің мысалдарына қазіргі заманда да кездесетін әртүрлі “этникалық тазартулар” мен ұлтаралық соғыстар жатады. Г. этникалық емес негізде де жүзеге асуы мүмкін. Мыс., Камбоджадағы пол–потшылардың халықты өлтіру зұлымдықтары. Қазақ халқы да өз тарихында бірнеше Г–тік зұлымдықтарды басынан өткізді (18 ғ.,20ғ–дың 30 ж–нда). Г. қазіргі әлем мәдениетіндегі басты құндылықтардың бірі болып есептелетін күш көрсетпеу принципі бойынша қатты айыпталады.