тастан шауып, қашап жасалған тас мүсін, өрнек, жазу. Орхон жазбаларында тас мүсіндерді Б. деп атаған. Тілшілер, әдетте, бұл сөзді «әшекей», «өрнек», «мүсін әшекейі», «безендірілген ғимарат» деп түсіндіреді. Көне түркі тіліндегі Б. етістігі «көркемдеу», «әшекейлеу» ғана емес, сонымен қатар, «әшекейлі (яғни сәнді) ғимарат (құрылыс) орнату» деген мағына берген. Ал «бәдізші» тек «суретші (оюшы)» ғана емес, сондай–ақ, «ұста», «құрылысшы» дегенге де келеді. Көне жазбаларда «бәдізін бәдізетті» («мүсінін мүсіндетті»), «бәдізім үшін балбал алдым» деген тіркестер кездеседі. Негізінде түркі жазбаларының ауқымындағы Б. сөзі өлген ерлерді бейнелейтін тас мүсіндер және олардың жанына тізбектеле қойылатын кішірек тас бағаналарға (бал–балдарға) қатысты айтылған.