музыкалық ырғаққа сай дене қимылымен көркем бейне жасайтын өнер. Адамдардың күнделікті енбек барысындағы іс–әрекеттері, қоршаған дүниеден алған сезім–әсерлері Б. қимыл–қозғалыстары мен ишараларына негіз болған. Б. өнері көне дәуірлерде пайда болып, табиғат құбылыстарын, соғыс көріністерін белгілі жүйеге түскен ырғақты қимылмен бейнелеп, ұрмалы муз. аспаптардың әуенімен орындалды. Кейін Б. қимылдарының мәнерлеу мүмкіндігі мен тәжірибенің молаюына орай жеке Б. өнері қалыптасты. Көне мәдениеттер ордасы болған Шығыс елдерінде (Грекия, Рим, Мысыр, Қытай, Үндістан) билеу мәдениеті шеберліктің биігіне жетті. Б. музыкамен тығыз байланысты. Б. хореогр. жинақы бейнелер арқылы болмысты суреттеп, адамның ішкі жан–дүниесін көрсетті. Экон., әлеум., тарихи геогр., т.б. факторлардың әсерімен де әр халықтың өзіне тән Б. дәстүрлері, өзіндік хореогр. тілі, пластик. бейнелілігі, қимыл–әрекетті музыкамен байланыстыру тәсілдері пайда болды. Солардың негізінде бал Б–лері мен кәсіби сахна Б–і қалыптаса бастады. Кәсіби өнерде Б. жоғары деңгейге көтеріліп, ғыл. жүйеленді. Мыс, Еуропа классик. Б–і, Азия мен Африка халықтарының Б–лері секілді түрлері калыптасты. Б. – қазақ халқының фольклорының көне түрлерінің бірі. Ол туралы Қазақстан жерінде сақталған тастағы суреттер, тарихи деректер, орыс саяхатшылары, тарихшылары, ғалымдарының этногр. жазбалары сыр шертеді. 1934 ж. Қазак муз. театры (қазіргі Қазақ опера және балет театры) құрылғаннан кейін сахналық Б–лерді шығару қызу қолға алынды. Бұл орайда Қазақстанға келген орыс хореогр. шеберлері көп көмек көрсетті. Муз., опералық спектакльдердегі алғашқы сахналык Б–лерде ұлттық ойындар, салт–дәстүр элементтері Орта Азия және Қазақстан халықтары Б–лері мен классик. Б–дің стильдікқимыл–әдістері қолданылды. Бүл Б–лер 1936 ж. Мәскеуде өткен казақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде қойылған спектакльдерде, 1930 –40 ж. Алматыда болған халық шығарм–ғының Бүкілқазақстандық слеттерінде (жиындарында) көрсетіліп, үлкен табысқа ие болды. 20 ғ–дың 50–жылдарынан бастап, ұлттық балетмейстерлер қазақтың фолькл. Б–лері, оның нағыз ұлттық қимыл–ерекшеліктерін зерттей бастады. Өңделген фолькл. Б–лер алғашқысахналық Б–лермен бірігіп, қазіргі заманғы қазақ Б–лерінің негізін кұрды. Оларды классик. би ан–самблі, Ән–би ансамблі, «Гүлдер» эстрад. жастар ансамблі, «Сазген» фолькл.–этногр. ансамблі, «Алтынай» мемл. халық би ансамблі, т.б. орындады. Сондай–ақ, Б. өнері көркемөнерпаздар ұжымдарының репертуарында да көп кездеседі. 20 ғ–дың 60–жылдарында жазылып алына бастаған халықтық–фолькл. Б–лер мен оның шығу тегі ғыл. тұрғыдан зерттелді. Солардың негізінде ұлттық хореографтар жаңа шығармалар тудырып, Б. өнерінін жан–жақты дамуына үлес қосты.