адам санасында анықталмайтын психикалық, тылсым процестердің жиынтығы, сана құбылыстарынан сапалы өзгешеліктері бар қоғамдық сананың санаға дейінгі және төменгі саналық құрылымдары. Б. мәселесін мәдениетте қарастыру шығарм. табиғатын зерттеуден басталады. Платон шығарм. процесті эростың көрінісі ретіндегі санаға дейінгі құбылыстармен байланыстырылды. Орта ғасырларда Б. адам мен құдайдың тылсымдық бірлігі арқылы түсіндіріледі. Ары қарай Б. шығарм. қиял және интуицияға қатысты зерттелді. Кант қиялдаудың жасампаз қабілетін саналық пен Б–тың бірлігі деп түсіндірді. Генийлер, дейді Кант, Б–лық қалыпта ерекше бір шабытпен жасампаздыққа барады. Олардың әрекеті табиғатпен ұқсас, айырмашылығы тек табиғаттың объективтілігінен гөрі адамдық Б–тың субъективті түрде және еркін болуында. Шеллинг шығарм. процесін толық иррационалды тұрғыдан түсіндіріп, Б–ты логика мен өмір практикасынан тыс интуициялық акт ретінде қарастырды. Иен романтиктері Б–ты табынатын культке дейін көтерді. Шопенгауер оны барлық әлемдік процестердің негізіндегі әлемдік ырық ретінде қарастырды. Б–ты жаңа зерттеу деңгейі З. Фрейд және оның шәкірттерінен басталды. Фрейд Б–ты санадан тәуелсіз адам жанының құрамдас бөлігі, тұлға құрылымының маңызды элементі – “Ол” ретінде қарастырады. “Олдың” негізін сексуалды–биологиялық энергия құрастырады. Б. ұстаным түрінде әрекет ететін және тұлғаның ішкі дүниесінің бөлігіне айналдырылған мәдениетті Фрейд “әсіре–мен” деп атады. Интериоризацияланған мәдениет және сексуалды Б. инстинктердің арасында, Фрейд бойынша, қақтығыстар туып отырады. Егер мәдениет адамға шамасынан тыс талап қойса, онда адамда невроздар пайда болады. Мәдениет тек бір тұлғаның ғана жетістігі болмағандықтан, үлкен тобырлық немесе ұжымдық невроздар тууы мүмкін. Осы сипатта Фрейд көптеген мәдениеттер, тіпті, мәдени дәуірлер невротикалық болмады ма деген сұрақ қойды.ХІХ ғ. аяғымен ХХ ғ. басында мәдениеттегі Б–тың табиғатын әлеум. факторлармен түсіндіретін ілімдер қалыптасты. Леви–Брюль ежелгі халықтардың логикалық ойлауға дейінгі формалары туралы баяндады. К.Г. Юнг Б–ты мәдениет бастаулары – архетиптер арқылы түсіндірді. Ұжымдық, Б.Юнг бойынша, адамзат тарихының терең қойнауларынан бастау алады; миф, эпос, діни нанымдарда сақталып, түс көруде жаңғыртылады. К. Хорни Б–ты адамның болмыстық негізіндегі өз тұрақтылығын сақтауға бағытталған ұмтылыстарға әкеп тірейді. Леви–Строс Б–ты адам әлеміне тән рәміздер және таңбалар арқылы түсіндіреді. Б., әсіресе, тілдік құрылымдарда терең қалыптасқан.