БАСПА – АНГИНА
Баспа — гректің бату, қысу деген сөзінен шыққан, бадамша безінің қабынуы.
Бұл ауру аяқтан суық өтсе, не өте салқын сусындарды ішкенде пайда болады. Салқын тиген кезде ағза әлсіреп, бадамша безіндегі микробтар ауруды қоздырады. Науқастың қызуы көтеріліп, тынышы кетеді. Жұтын-ғанда тамағы ауырып, мойын бездері ісіп кетеді. Ауру қайталай берсе, инфекция қан арқылы бүйрегіне, бауырына, жүрегіне зақым келтіруі мүм-кін. Сондықтан науқас адам дер кезінде дәрігерге көрініп емделгені дұрыс.
Сөздік:
Әлсіреу – слабеть
Ісy – отекать, опухать
Бадамша без – миндалины
Жұтынғанда – при глотании
Бату – давить
Қоздыру – возбуждать (возбуждать болезнь)
Салқын тиген кезде – во время простуды
Зақым келтіру – поразить (поразить какой-либо орган)