АУРА

(грек. аura – ұшқындау) — 1) жай көзге көрінбейтін адамның биоэнергетикалық қабыршығының сәулелік ұшқындауы; 2) заттар мен тұлғалардың маңайынан ұшқындар шығатын болып көрінетін ерекше бір қалып, көңіл–күй, райлылық; 3) бейнелеу өнерінде – нимб, ореол. А. ұғымы индуизм мен буддизмде қалыптасқан. А–ның түстері сана бастауларына, адамның көңіл–күйі, сезімі және ойларына қатысты өзгеріп тұрады. Ізгі ниеттер жарығырақ түстерді тудырса, төмен ойлар қараңғылау бояуларды әкеледі. А–ны көру қабілеті спонтанды тылсымдық түрде немесе рухани тәжірибенің арқасында пайда болады. Адамның даму деңгейіне байланысты ол әр түрлі болады: ұлы мистиктерде — өте айқын, инстинктілерде — бұлыңғыр. Санскритте А. прабхамандала — “сәулелі шеңбер”, немесе диантачакура — “жарық дөңгелегі” деп аталады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *