(арабﻤﮎﻥ «мәкан» – орын, жай) – ұрпақтан ұрпаққа қалып отырған «кір жуып кіндік кескен» аймақ, өңір, өлке. Түркі қауымына ортақ «ата» сөзімен қосылып, әуелде «ата қоныс» ұғымында қолданылған. Кейін келе мәні кеңейіп «ата–бабалар ғұмыр кешкен, олардың өз ұрпақтарына мәңгілікке қалдырған иелігі, ең қымбат мұрасы» деген ұғымды білдіретін термин ретінде орныққан. «Ата» –көне түркі дәуірлерінде әрі қолбасы, әрі елбасы болған кісілер есіміне жанама қосылатын атау. «Ата» сөзі тіркескен қасиетті орындардың бәрі де сондай адамдардың аттарымен байланысты болып келеді. А. осындай жерді, мекенді киелі рухқа теңеуден шыққан. Демек ол – ұран тектес сөз. Бұл, әсіресе ежелден аталар рухына – аруаққа сыйынған түркі қауымдарына тән нәрсе. А. көне замандарда ру, тайпа иелігіндегі белгілі–бір аймақ, өңір болса, бертін келе туған жер, Отан ұғымдарының баламасына айналған. Ол еліміздің, мемлекетіміздің негізі. Аумалы–төкпелі заманда империялық отаршыл және кеңестік қызыл саясат салдарынан шетке ауып кеткен қандас бауырлар Қазақстанның егемендік алуына орай өз А–іне қайтып оралуда.
А. – ата бабадан ұрпаққа мұра болып қалған ежелгі құтты қоныс, мекен жай; жанға жылы да жақын отбасы ордасы, кіші отанның айшығы; мекен–жай қонысында ел мен ер жандүниесінің жақындасуы, күш–жігері мен үмітінің жандануы; табиғи–эволюциялық түсінікке, тіршіліктің табиғи ортасын сезіне білуге, соған бейімделуге негізделген дүниетаным мен табиғаттанудың саласы; өмірлік жолда табиғи құбылыстардың түп–тамыры мен нақты көріністерін ұғыну барысында тоқығанды тірлікке тірек етуді үйрену.
Жер – атаға да, анаға да ыңғайлы мекен–жай, үлкен мен кішінің анасы да, жүректің жайлы панасы, кез–келген жанның бесігі, әрі күллі ырыстың кіндігі. Халық үшін табиғат, тірі жәндік, тірі жан – бәрі де шындық. Адам да шындық. Осы тұрғыдан адам табиғатты пайымдады, оған бейімделді, табиғаттың енді бір өңір–өлкесін – ел–жұртты сақтауды діттеді. Өмірлік мекен–жайда тіршілікке бейімделу, адамдардың бір–бірімен жақындасу, туыстасу дәстүрлері мен ойлану түрлерінің жаңа түрлері байыпталды. Табиғаттағы нақты көріністерді қабылдау, бағалау – қоғамдық қатынастың түріне және өзара түсінісудің деңгейіне байланысты. Кіндік кескен жер мен туған ел–жұрттың ұқсастығын ұғыну, оны қадірлей білу, тәуелді тіршілік ортасына біртіндеп жақындаушылық – қазақтанудың басты кезеңдерінің бірі. Қазақтың атамекенмен, оның байырғы атажұртымен табысуының атап айтарлық ерекшеліктері табылады. Ерекшеліктер табиғи–тарихи, тарихи–танымдық заңдылықтардан ауытқи бермеді.
Қазақтуғанжер, өскенортасыментілдесті, ататегіментүсінікіздестірді. Ортадепотырғанымыз– «туғанжер – тұғырың, туғанел – қыдырың» дегентыңғылықтытүсінік. Содан: «әркімніңөзжері – жұмақ», «жертоймай, елтоймайды», «жерісеміздің – малысеміз», «туғанжердіңкүнідеыстық, түнідеыстық», «туғанжердіңауасыдашипа», «ауырлықтыжеркөтерер» дептүйінтүптелді,қанаттысөздерелаузындажатталынды. Қазаққатуғанжердіңмал–жаныменқатар, торғайыдасүйкімді, бәрідебірдей.құнды.Олқашандатуғанжеріментуғанүйіненүйлестіктіаңсады. ҰлағаттылыққалайықтыұстанымдардыңарқауынақиықақынМұқағалиМақатаев: «Құсұясыз, Жыртқышінсізболмайды. Отансызжанөміріңдеоңбайды. Өзін–өзіқорлайдыда, сорлайды. Тіріадамға – солқайғы. Білесіңбе, Отанныңсеннеекенін?». «Мекен–жайымжерменің, Жердежүргенақындегенпендемін,..Уақытбераздаған, Менөмірдіжырлауүшінкелгенмін»депширатты.Қазақөзіндегі–басазаттығын, елдегі–дінменжереріктігінжоғарықойған. Өйткеніадамөзеліндекөгереді, өсіп–өнеді. Отбасынаопасыздықжасамайтынжантегініздейдіжәнетабады, ал «Отанүшінкүрес – ергетигенүлес» дейтіндеркөгереді, еліменжарасқандар, отанынсүйетіндерөсіпөнді. Отанынсүйгенніңболымытолады. Себеп: «Ошағыбірдің – білегібір, Отаныбірдің – тілегібір». Тілегіменбілегібіртоқшылықпенмолшылықтаөзінзортұтады, бағыменбағыттыұтады, түбіріндеадамдығынұтты. Қазақжанментәнбостандығындатуғанжерінатамекенретіндеыстықжүрегімен, тікелейықыласыменқабылдаған, оныңатамұрасынсүйсінесуреттеген. А.–деатамұрақалыптасты, аяқалысты, мал–жанбауырласты.