АССИМИЛЯЦИЯ

(лат. assіmіlatіo – ұқсасу, сіңісу, сіңу) — үлкен этникалық ортада саны кем және саяси–мәдениеті мен әлеуметтік жағдайы төмен халықтың өзінің ұлттық болмысынан айырылып, басым халық арасында сіңіп кетуі құбылысы. Мәдени А. – белгілі бір, әдетте, “әлсіз” мәдениетті өзінен жоғары тұрған сыртқы мәдениеттің арасында толық немесе жартылай таралып кетуі. А–ның негізгі тетіктеріне жаугершілік, этносаралық неке, ұлттық салт–дәстүрлерді орындамау, діни ажыратушылық, ана тілін ұмыту, мәдени элитаның доминатты топқа қосылуы жатады. Мәдени А. ұлттық ділден мүлден айырылумен аяқталады. А. табиғи немесе күштеу жолдарымен жүреді. Табиғи А. жаңа этномәдени аймаққа әртекті ұлттардың қоныс аударуы жағдайында жылдам және органикалық түрде жүреді. Осы жолмен Американың көптеген этностары қалыптасқан. Алайда, бастапқы кезде Жаңа Әлемде басқыншылық та, байырғы халықты қыру процестері де болған. Империялық сипаттағы елдерде А. процесі негізінен күштеу арқылы жүзеге асқан. Мәдени жағынан алғанда, А–ның әртүрлі этномәдениетке тигізетін оң ықпалын да (адамдық бірегейлену, мәдениеттердің тоғысуы мен сұхбаты, мәдениет құндылықтарының таралуы мен алмасуы т.б.) ескерген жөн.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *