жан денеден бөлек өмір сүреді деген көне ұғымнан туған діни наным бойынша қайтыс болған адамдардың тіршіліктегі адамдарды желеп–жебеп жүретін рухы (аруағы). А. түсінігі генотеистік сенім–нанымдар жүйесіндегі ата–бабалар культімен тығыз байланысты. Көзі тірісінде дара тұлға ретінде көріне білген халықтың қадірлі адамдарының А–тарына табыну қазақ мәдениетіне тән құбылыс. Ш.Уәлиханов айтқандай “қазақтар Алладан гөрі, А–тың есімін көбірек атаған”. Дәстүрлі көшпелі қазақ қоғамында құрметті адамдар (әдетте, ел намысы мен азаттығы үшін күрескен батырлар, әділ билер, шапағатты ел және ру басылары, атақты ақын–жыраулар, діни қайраткерлер т.б.) А–ғы ел қорғауға аттанған сарбаздардың ұранына айналған. А–тарды құрметтеу оларға сыйыну, қолдауын тілеу, қиын–қыстауда А–тан арқатіреу іздеу дәстүрлі қазақ мәдениетінде кең тараған құбылысқа жатады (зират маңында А–ға арнап дұға оқу, бата жасау, сырқат адамдардың қайрат–шапағат тілеп, А–тың басына түнеуі, мәжбүрсіз қоныс аударғанда зираттан бір уыс топырақ ала кету т.б.).