АНТРОПОЛОГИЯ

(грек. arthropos – адам, logos – ілім) – адамның шығу тегін, дамуын, дене құрылысын, нәсілдік ерекшеліктерін зерттейтін жалпы биология ғылымының қоғамдық ғылымдармен тығыз байланысы бар саласы. Антропология терминін алғаш рет Аристотель енгізді. Антропология ұғымы көне грек дәуірінен бастап белгілі болғанымен орта ғасырдың аяғына дейін адамның физикалық құрылысын зерттейтін, ішінара адам психологиясы мен этнологиялық ерекшеліктерін сипаттайтын да ғылым саласы болып келді. XIX ғасырдың XVIII ғасырдағы Франция ойшылдарының пікіріне сәйкес адамға тән құрылысын, тіршілік–әрекетін, тілін, мінез–құлқын, материалдық және рухани қазыналарын, т.б. зерттеу. Қазіргі кезде мұндай көзқарасты АҚШ, көптеген Батыс Еуропа елдерінің антропологтары қолдайды. Ал 2–көзқарас – адамның дене құрылыс ерекшеліктерінің уақыт, кеңістік бойынша өзгерісіне ерекше мән беру. Мұны Ресей, т.б. елдердің ғалымдары қуаттайды. Қазіргі кезде антропология 3 түрлі өзекті мәселеге – адамның дене құрылыс ерекшеліктеріне, шығу тегі мен оның дамуына, этникалық құрамының қалыптасуына ерекше көңіл бөледі. Осыған байланысты эвалюциялық антропология, физикалық антропология, этникалық антропология болып бөлінеді.

Қазақ халқының жалпы антропологиялық типі еуропеоид және монғолоид тектес расалардың қосындысынан пайда болған деп тұжырымдалған. XX ғасырдағы Қазақстан жерінен табылған палеоантропологиялық материалдар қазақтардың ежелден автохтонды халық екендігін толық дәлелдеді. Ғылымда қазақтың антропологиялық типі метистік топқа жатқызылып, оған тұрандық түр (тұраноид) деген нәсілдік атау берілді. Қазақ антропологі Оразақ Смағұлұлы 60–жылдары республиканың әр өңірінен қазақтардың бас сүйегі мен қаңқа сүйектерін жинап, Санкт–Петербургтегі антропология және энтография мұражайына тапсырды. Осы жылдары қазақтардың тіс құрылыстары зерттеліп монографиялық еңбек жарияланды: (О.Смағұлов, К.Сиқымбаева «Қазақстанның этникалық одонтологиясы», 1977 ж.).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *