АНИМАЛИСТІК ЖАНР

(лат. аnіmаl – хайуанат) – кескіндеме, графика, мүсіндегі жан–жануарлар бейнесімен өрнектелетін мәнер. Алғашқы қауымдық өнердегі жартас кескіндемесінен жануарлар бейнесін байқауға болады. Сақ, скиф дәуірінде аң нақышында жасалған туындылар пайда болған. Алматы маңынан табылған «түйе» мүсіншесі, Маңғыстау өңіріндегі «қойтас», «қошқартас»   ескерткіштері,   қазақ халқының дәстүрлі өнерінде жан–жануарларды бейнелеу, мүсіндеу ертеден алыптасқандығын аңғартады. Қазақстан суретшілері А. ж–да елеулі шығармалар берген. Мыс, Ә. Қастеевтің «Бие сауу» (1936), Ә. Ысмайыловтың «Дала жайрандары» (1972), С. Айтбаевтың «Жайлаудағы түйелер» (1976), т.б. картиналарын осы жанрға жатқызуға болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *