(араб. – қинау) – шариғатта күнә үшін белгіленген жазаны білдіретін моральдық ұғым. Қылмыс үшін қазының белгілейтін жазасы немесе адамның бұл дүниедегі күнәсі үшін о дүниеде алатын жазасы ретінде қарастырылады. Сонымен бірге қабір азабы да осыған жатады. Құранда: “Бұл (А.) сендердің дүниеде қолдарыңмен істегендеріңнің қарсылығы, (жемісі), әйтпесе Алла құлдарына зұлымдық жасамайды” (3/182 аят) немесе “Ей, пайғамбардың жұбайлары! Сендердің қай–қайсың ап–ашық бұзақылық жасасаңдар, оған еселенген А. тартқызылады, ол – бір Аллаға қиын емес” (Ахзаб сүресі, 30–аят) деп айтылады. Демек, адам өзінің істеген ісінің жемісін көреді. Сондықтан А. адам өміріндегі кездейсоқ құбылыс емес, оның өзіндік негіздері болады.