(грек. аutосһtоп – жергілікті) – белгілі бір аймаққа, алғашқы пайда болған жерінен қоныс аудармай,ежелгі ұлттық мәдени біртектілігін сақтай алған ежелгі халқыныңэтномәдениеті. А. м. ұғымы Л.Н. Гумилевтің еңбектерінде жан–жақты қарастырылған. А. м–тің басты қағидалары: этностар биосфераның бір бөлігі болып табылады; адамдар ландшафтқа икемделе бірігеді; әрбір халықтың мекендейтін кеңістік тұтастығы, Отаны бар; адам өз биоценозында, басқалардың емес, өзінің ата–бабаларының тәжірибесіне сүйене отырып өмір сүреді. Ландшафтың өзгеруі ұлттық мәдениеттің өзгеруіне әкеліп соғады. Еуразия құрлығын 4 автохтонды этномәдени аймақка бөлуге болады: 1) муссондық Қиыр Шығыс – конфуцийшілік–буддалық өркениет кеңістігі; 2) шөлейтті Ұлы Дала –көшпелілер мәдениетінің аймағы; 3) субтропиктік Таяу Шығыс – мұсылмандық әлем; 4) орманды Шығыс Еуропа – батыс христиандык кеңістік. Еуразияның далалық аймағын оның ландшафты мен ауа райына бейімделген автохтонды этностар: түркілер, моңғолдар, угро–финдер, тибеттіктер, т.б. мекендеген. Адамзат тарихында мүлдем оқшауланған, арғы тегін таза сақтап қалған мәдениеттер сирек кездеседі. Тарихи–мәдени процестер барысында әр түрлі мәдениеттердің тоғысуы, олардың сұхбаттық аймағының ұлғаюы өркениеттік даму үшін ыңғайлы болады. Қазақтар Орт. Азияның автохтонды тұрғындары болғанымен, ғасырлар барысында көптеген сыртқы мәдени ықпалдарды да өз бойына сіңірді.