Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері
Сабақтас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен, бір жағынан, бағынынқы сөйлемнің баяндауыш тұлғасының тиянақсыз болып келуімен құрмаласса, екінші жағынан олардың өзара мағыналық қарым-қатынасы арқылы да құрмаласады. Бағыныңқы сөйлем мен басыңқы сөйлемнің бір-бірімен мағыналық қарым -қатынасы әр түрлі болады. Сондыктан да басыңкы сөйлемнен бағыныңқы сөйлем мен басыңқы сөйлемнің мағыналық қарым -қатынасына қарай сабақтас құрмалас шартты бағыныңқылы, қимыл — сын бағыныңқылы, мезгіл бағыныңқылы, қарсылықты бағыныңкылы, себеп бағыныңқылы, мақсат бағыныңқылы сабақтас болып алты түрге бөлінеді.