Емханада
Өкінішті….
Мына құрғыр сырқаттың беті күшті.
Жүрегім көтеріліс жасап жатыр,
Бұзбақ болып кеудемде бекіністі.
Өкінішті …
О, жүрек!
Менің алтын қазығым –ау!
Қайтейін, қажыдың-ау.
… Қытықтаған бауырдың «назы» мынау
Қажыдың-ау, байғұсын, қажыдың-ау!
Не істемекпін?
Жаным-ай, саған шипа істемек кім?!
Жаралғанда бүтін ем, үш бөлекпін:
Миын – Мұзды мұхиттай …
Не істемекпін? …
Мұқағали Мақатаев