XV-XIX ғ.ғ. қазақ ақын-жырауларының (Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Ақтанберді , Бұхар т.б.) тәрбие мектебі

XV-XIX ғ.ғ. қазақ ақын-жырауларының (Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Ақтанберді , Бұхар т.б.) тәрбие мектебі.
Қазақ ұлтының даму мен қалыптасуына зор үлес қосқан хандар мен сұлтандар, билер мен жыраулар, батырлар мен ақындар: Жәнібек, Керей, Асан Қайғы, Мұхаммед-Хайдар Дулати,Қадырғали Жалайыри, Қасым, Есім, Хақназар, Тәуекел, Тәуке , Қазтуған, Ақтанберді, Шал, Әнет, Төле, Қазыбек, Әйтеке, Әбілқайыр, Абылай, Бұқар, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Райымбек, Сырым т.б. көптеген адамдар болды. Аузы дуалы ақылгөй жыраулар мен шешен билер жалпы жұртқа өнегелі сөздерімен,өлең –жыр толғауларымен зор ықпал етіп,халықты ел боуға,берек елі бірлікке шақырып, қоғамдық өмір сахнасына шыға бастады.
Қазақ жырауларының толғау тебіреністері, қанатты сөздері өзінің тәлімдік шарапаты жағынан ғана емес, сонымен бірге рухани, эстетикалық, отаншылдық мәні жағынан да аса маңызды болды. Жыраулар жауынгерлік заманда хандар мен бектердің, қолбасшы батырлардың ақылгөй кеңесшісі болып, жорыққа бірге аттанды, ру –тайпаларына басшылық етті, сұрапыл қанды майдан көріністерін жырға қосты, ерлікті мадақтады, шепіт болған батырларды жоқтап, ел қайғысын бөлісті.
XV-XVII ғасырлардағы жыраулар шоғырынан өздерінің тәлімдік идеяларымен Асан Қайғы, Шалкиіз, Жиембет, Бұқар жырау секілді дала философтары ерекше көзге түскен еді. Халқының қамын жеп , оның береке-бірлігін, келешегі бағытын, көгерер күнін аңсаған Асанқайғы өз отандастарының алғағы тағдыры не болмақ деген толғаныспен күн кешті. Содан да болар, ел аузында оның есіміне “қайғы” деген ат қосылып аңызға айналды.
Қазақтың халық педагогикасының ең алғашқы іргетасының қалана бастауына негіз болған Асан Қайғының, Мұхаммед-Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайри, Қазтуған, Шалкиіз, Үмбетай, Сыпыра, Доспамбет, Бұқар, Жиембет, Марғасқа т.б. көптеген ақын-жыраулардың шығармаларын атап өткен жөн.
XV-XVII ғасырларда өмір сүрген қазақ ақын-жырауларының поэзиясынан ғасырлар сырын, халықтың салт-ддәтүрін, ой-арманы мен тілек мақсатын айқын аңғарамыз. Өйткені, жыраулар толғауларынан халықтың небір нәзік сырлары, мұң-мұқтажы, ой-толғанысы, қуаныш-сүеніші, келер ұрпаққа аймар өнегелі өсиеті өзекті орын алған. Яғни олар халықтың тәлім-тәрбие мектебінің ұлағатты ұстаздарының ролін атқарды.
Қазақтың тәрбие мектебі –ақын жазушылар мен билердің өсиеттері, ғибраттары және халық марал-мәтелдері, тыйым сөздері мен ұлттық салт-дәстүрлері, әдет-ғұрпы десек артық болмайды. Халақтық осы қағидалар шын мәнісінде жас ұрпақ түгілі ересек адамдарға да алкен әсерін тигізді, ұлттың сана –сезімін оятты, тәлімдік-тәрбиелік, танымдық мектебіне айналды. Жалпы XV-XIXғ.ғ. ақын жыраулар поэзиясын сөз еткенде олардың халық үшін еткен еңбегіне, ой қиял өрістеу өресіне, қимыл, әрекет-ісіне қарай үш топқа бөліп жауынгер жыраулар:(Доспанбет, Жиенбет, Ақтанберді, Махамбеттер); мәмілегер (Асан Қайғы, Сыпыра жырау, Үмбетей, Бұқар); тәлімгер (Шал, Базар, Майлықожа) жыраулар деп шартты түрде жіктеуге болады. Ақын жыраулар өлең –жырларымен де, өнегелі ісімен де халыққа белсене қызмет етіп ел ұйытқысы, тәлім-тәрбие мектебінің ұстазы бола білді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *