Қожа Насраддин қуаңшылық жылдары ауылнай болады. Жайына қарап жүрмей, жұртты қалауы. Оған бір адам келіп, қурап бара жатқан бақшасына жаңбыр жаудыруын өтінеді.
— Жо – оқ, бұлай істеуге болмайды, — деді Қожа, — бүкіл ауыл жиналсын, жұртпен ақылдасып істейік.
Ауыл тұрғындары түгел жиналған соң Қожа:
— Уа, халайық, мына кісіге жаңбыр керек екен жаудырайын ба, әлде жаудырмай – ақ қояйын ба? – деп сұрады.
Біреуі әре – тұра қарсы шықты:
— Жаудырма! Менің пішенім су болады. Екіншісі:
— Егін оруым керек, ал жаңбыр жұмысқа кесел келтіреді, — деді.
Сонда Қожа Насраддин:
— Онда әуелі өзара келісіп алыңдар, содан соң мазалаңдар мені, — деген екен.