Анасы еріп мекемесіне келген Алтынай барлық кабинеттерге кіріп аралап шықты. Бәрі оны өз қыздарындай көріп, ашық – жарқын әңгімелесіп жатқандары.
Алтынай олардың қойған сұрақтарына қызықты жауап қайтарып, аға – апайларын мәз қылды. Өзі де сұрақ қойып, жауап алды. Өстіп жүріп ол мекеме басшысының кабинетіне бір – ақ шықты.
— Кел, қызым, кір, — деді ішінде отырған ағай.
Басқа кабинеттердегідей емес, мұнда бір өзі ғана отыр. Алтынай аң – таң.
— Жалғыз отырғаннан қорықпайсыз ба? – деп сұрады ол мекеме басшысынан.