Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің арналған «Тәуелсіздік рауаны тұсында» атты әдеби әуен кешінің сценарийі

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің арналған «Тәуелсіздік рауаны тұсында» атты әдеби әуен кешінің сценарийі

Көрнекілік:
Сахна мерекелік безендірілген,сахнаға Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері,нақыл сөздер жазылған плакаттар,туған жер көріністері бейнеленген суреттер орналастырылған.
Кездесу кешінің мақсаты:
Жас ұрпақты өз елінің тәуелсіздігі үшін күрескен қаһармандарын құрметтеуге, адамгершілік сезімдерді қалыптастыру арқылы отаншылдыққа, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне,еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу.
(Күй әуені күмбірлеп тұр).
Кітап көрмесі:
«Туған жер өрнектері» атты әдебиеттер көрмесіне шолу өнер әдебиеттері бөлімшесінің меңгерушісі:Қалдиева А.С.
І.Жүргізуші:
Армысыздар құрметті қонақтар!
Бүгін Қазақстан халқының ұлы әрі үлкен мерекесі, қазағымыз Егеменді ел атанып, тіліміз мемлекеттік мәртебе алып, ұлттық мәдениетіміз, салт дәстүріміз қайта оралып, өз алдымызға ел болып, Тәуелсіздік даңғылына аяқ басқанымызға 15 жыл толып отыр.
ІІ.Жүргізуші:
Қуан халқым!Қуанатын күн бүгін,
Серпіп таста мұнды жүрек түндігін
Шарықтайық, шаттанайық, тынбайық
Тәуелсіздік күнін бүгін халқым бірге тойлайық.
І.Жүргізуші:
Тәуелсіздік қасиетті ұғым.Ғасырлар бойы ата- бабамыз армандап,аңсап Тәуелсіздік үшін күрескен қазақ халқының тілегі орындалып, 1991 жыл 16 желтоқсан, заңды түрде Тәуелсіздік күні болып тарихқа енді. Алғы сөз С.Бәйішев атындағы Университет жанындағы колледж оқытушысы Серік Төлеубайұлына беріледі.
ІІ.Жүргізуші:
«Желтоқсан желі» орындайтын
ІІ курс студенті.
І.Жүргізуші:
Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан,
Тарихы оның тым әріден басталған.
Бодандықтан құтқарам деп елімді,
Талай боздақ қара жерді жастанған -дей келе,
Желтоқсан…
Желтоқсан ызғары. 1986 жылғы оқиға талай қазақ жастарының жүрегінде өз ызғарын қалдырса да, сол оқиға ел тәуелсіздігінің бастамасы ретінде ұлы өзгерістерге жетелегені даусыз.
Мен сүйемін жерім менен елімді,
Көкейімнен жыр арнасы төгілді.
Желтоқсаннан бастау алған теңдігі,
Қазағыма мен арнаймын сөзімді.
Сөз кезегі

Студенттердің өз елінің тәуелсіздігі үшін күрескен қаһармандарын, туған жерін бейнелеген суреттеріне сипаттама
Өлең
Орындауында ән «Атамекен».
ІІ.Жүргізуші:
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,
Асау аттай өз тізгінің бермеді,
Қазағымның алтын басын иілтіп
Талай дұшпан төрімізге төрледі.
Біз жәй жүзген «Қазақ» атты кеме едік,
Бірақ дұшпан басқа шықты- ау демедік
Тәңір салған тағдырына бас иіп
Неше ғасыр бодан болған ел едік.
Қ. Елеместің сөзіне жазалған «Тарихтың танабына таңба салған» өлеңі
ІІ.Жүргізуші:
Теңдік еді қазағымның арманы
Кең далаға әділдік іздеп барғаны.
Өз ұлтының болашағы қамы үшін
Жазық па екен шындықты айтып салғаны?- дей келе өз елінің тәуелсіздігі үшін күрескен қаһармандарын, туған жерін бейнелеген студенттер суреттеріне алғыс хатпен марапаттау.
І.Жүргізуші:
Өлкесің айдарыннан жел есілген,
Талай бір парасатты ер өсірген
Артында кестеленген із қалдырып
Тарихтың астың түрлі белесінен.
Күй «Көңіл толқыны» орындалады
Оқушыларының орындауында Қазақстан Республикасының ән ұраны.

Жүргізуші Құрметті қауым, осынау ұлыстың ұлы күні жүрегі Отан деп соққан әрбір азаматтың қасиетті мерекесі құтты болсын! Тәуелсіздікке арналған әдеби әуен кешімізді жабық деп жариялаймыз.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *