Уыз

Ертеден төрт түлік малмен көзін ашқан халқымыздың ең бір тіл үйіретін тағамдардың бірі – уыз. Уызды осындай кең дала құлпыра бастаған шақта төлдеген сауын малының ең алғашқы уыз сүтінен даярлайды. Оны өз алдына бір өзін пісіріп, немесе түрліше дән қосып та жасайды. Әсіресе, сөк қосып жасаған уыз – көже аса дәмді болады. Дайын уызға ауыл адамдарын шақырып, дәм таттырады. Жиылған жұрт уыз ішкен соң «ақ мол болсын, төл егіз болсын», «мал семіз болсын» деп баталарын береді. Жаңа туған төлді де уыз сүтіне бүйірін шығара емізеді. Уызына жарыған төл тез арада толығып, өсіп жетіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *