Тұс киіз

Елімізде ертеден шеберлеріміздің сәндеп, ою – өрнектеп, безендірген бұйымдарының бірі – тұс киіз. Оның көлемі түрліше болып келеді. Киіз, көбінесе, үйдің керегесіне сәйкес етіп жасалынанды. Бұл киіз үйдің бір жасауы ретінде сән берумен қатар жылыту үшін де, яғни суықтан қымтауға да пайдалы. Сондықтан оны қалың етіп жасайды. Бетіне әдемілеп айшықты ою – өрнектер түсіреді. Ою киіз бетіне түрлі – түсті мақпал, жібек, қамқағ барқыт сияқты бағалы матадан ойылып, әртүрлі жібек жіппен кестеленіп, жапсырылады.

Кейде мүмкіндігіне орай зерлеп те тігеді. Зерлеп тігу (зер алтын жіп) ең қымбат аса бағалы әшекей болып саналады. ОЛ кез – келген бұйымға қолданыла бермейді. Көбінесе ұзатылар қыздың мүлкі ретінде қолданылған. Осылай әшекейленіп жасалған тұскиізүйге соншалықты сән беріп, ашып тұрады. Әсіресе, біздің Шалқар өңірінің ауыл – аймақтарында өнердің бұл түрімен айналысып жүрген ісмер жандар баршылық.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *