Сырмақ – мозаика техникасымен жасалған киiз кiлемнiң бiр түрi. Сырмақ жасау өнерiнiң терең тамыры халық шеберлерiнiң ұрпақтан ұрпаққа жеткiзiп отырған, ежелден қалыптасқан дәстүрiнде жатыр.
Мұнда бәрi бiртұтас келiсiм тапқан. Мозаикалық техниканы пайдаланудың өзi, яғни, жүннiң бiр түсiнiң екiншi түспен қабыстыра жиектелiп сырылуы кiлемнiң төсенiш ретiнде қолданылуына сай келедi. Мұндағы ою өрнек киiздiң бетiне бiркелкi сырылып, оны мезiлсiз тозудан сақтайтын болғандықтан, бұл жерде жапсырудың да, кестелеудiң де қажетi жоқ. Сырмақтар тозбайтын мықтылығымен ерекшеленедi. Жақсы сырылған сырмақтар 50 жылдан астам уақытқа дейiн шыдас бередi. Оған қоса, сырмақ сыруға жүн өте аз мөлшерде пайдаланылады. Сiмер оюшы бiр түстi жүндi екiншiсiнiң үстiне салады да, өзiнiң ойына алған өрнегiн жасайды. Және сол өрнектiң екi жақ шетiн бiрдей жиектей келiп, ортасын сырады. Одан соң ақ жүнге қара, не қоңыр, я болмаса керiсiнше қоңыр түске ақ жүн қапсырылады. Сонда сырмақтың өрнектелген бетiнде екi түрлi үйлесiмдi түс пайда болады. Бiрiнiң үстiне бiрi салынған жүндердi қабыстыра келiп, астындағы киiздiң бетiне салады да, оны жиiлеп сырады. Және ол салынған ою өрнекпен жиектелiп, бiрге сырылады. Түрлi түстi жүндердiң қосылған тұсындағы тұйық желiсiне бояулы жiп тiгiледi. Жалпы сырмақтар ұстамды, сабырлы сұңғаттылығымен ерекшеленедi. Егер текеметтерде көбiнесе жануардың болмысын ойға салатындай оюлар қолданылса, сырмақтарда өсiмдiк нышандарын бейнелеу басым. Сырмақтың орталық алаңы бар, ол өрнектермен бөлiнедi де, көбiнесе ешкi жүнiмен шашақталып, әдiптеледi. Әдетте оларды шашақты сырмақ деп атайды.
Қазақтың қабырғаға iлетiн кiлемдерi – түскиiздерi, тiк бұрышты жалпақ киiз бетiне қызыл және қара барқыт немесе шұғамен күрделi өрнектелiп, кестеленген әдемi өнер туындысы. Түскиiздi қазақтар әдетте керегеге керiп, төсектiң тұсына iлген. Оның «түскиiз» аталуы да «тұс» деген түбiрден шыққан. Ол киiз үйдiң iшiне сән берiп, әрi суықтан қорғаған. Оны жасауға мозаика, өрнектеп жапсыру және кестелеп тiгу тәсiлдерi қолданылған. Алғашқы екi тәсiлмен жасалған түскиiздер iшкi түзу бұрышты жиектеген П әрпi тәрiздi кескiнмен көмкерiлген. Оның өрнектелуiне зооморфтық, яғни хайуанаттар болмысы және өсiмдiктердi бейнелейтiн нышандар бiрдей пайдаланылған. Кестеленген түскиiздер өзiндiк өрнектерiмен және композициялық шешiмдерiмен ерекшеленедi – орталық алаң қашанда жиектелген өрнек арқылы тұйықталған және онда алуан түрлi өсiмдiктер нышаны басым. Ал, кестеленген түскиiздердiң ең басты ерекшелiгi өрнектер алдымен матаның (барқыт, шұға, мақта-мата кездемелерi) бетiне кестеленiп безендiрiледi де, содан соң барып, киiздiң бетiне тiгiледi. Мозаикалық және өрнектеп жапсырылған түскиiздер Шығыс, Оңтүстiк шығыс, Орталық және Оңтүстiк Қазақстан аудандарында, сондай-ақ, Батыс Қазақстанның кейбiр аймақтарында кездеседi.
Киiз қапшықтар, ыдыс-аяқ салатын аяқ қап, кебеже, сандық салатын әбдiрақаптардың тұрмысқа пайдалы болғандығынан да киiз үйдiң iшiн әдемiлеп, көркем безендiруде алатын орыны ерекше маңызды болды. Бұл жиһаздар көркемдiгiмен көз тартады.Жұқа ақ киiздiң бетiне еркiн орналасқан ою өрнек үлкен киiз кiлемдердегi қатаң тәртiппен жүйелi салынған күрделi кестелеулерге қарағанда жеңiлдiк, әдемiлiк және талғампаздықты сездiредi.
Қазақтың киiзден жасалған бұйымдарының көптеген түрлерiн, олардың дайындау техникасын, ою өрнек сырларын және бояу түсiнiң шешiмдерiн сараптай келгенде, киiз басу және өңдеу өнерi ұрпақтан ұрпаққа барған сайын жетiлдiрiле отырып, қазақтың халық шеберлерiнiң қазiргi жоғары дәрежедегi ұлттық өнерiн қалыптастырды деп қортынды