Мысығым менің керемет

Аймуханова Нурбике Сагынжановна,
Ойыл селосы, «Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі.

Тақырыбы: «Мысығым менің керемет»

Мақсаты: Үй жануары-мысықпен таныстыру. Оның қимыл-іс әрекетін,пайдасы жайында түсінік беру,үй жануарларымен мейірімді болуға тәрбиелеу,айналадағы қоршаған ортаны сезінуге және табиғатты қорғауға ынталану мақсатында көзделеді.

Көрнекілік: Үй жануарлардың суреті,мысықтың суреті,себеттегі жептер,тышқан мен мысықтың атрибуттары.

Методикалық әдіс-тәсіл: Сұрақ-жауап,сахналау,жұмбақ
Сабақ барысы:
— Балалар,бүгін күн қандай ерекше,табиғаттың өзі сендерді аялы алақанына салып еркелетпекші.Кәне,бәріміз шеңберге тұрып, «Табиғатым тамаша!» ойын ойнайық.

Ойын барысы: Балалар шеңбер жасап жүріп мына өлең шумақтарды айту:
Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатым аялап,
Жүрейікші жараса,
Сәлем саған ЖерАна!
Сәлем саған Нұрлы күн!
Аман-есен болайық,
Бейбітшілік қалайық!
Тәрбиеші: Ендеше орнымызға отырамыз.Кәне балалар,бір жылда неше мезгіл бар?
Балалар: Төрт жыл мезгілі бар.
Тәрбиеші: Қалай аталады?
Балалар: Күз,Қыс,көктем,жаз.
Тәрбиеші: Қазір қай мезгіл?
Балалар: Қыс
Тәрбиеші: Қыстың неше айы бар? Қалай аталады.
Балалар: Үш айы бар.Желтоқсан,қаңтар,ақпан.
Тәрбиеші: Қай айдамыз?
Балалар: Қаңтар айында.
Тәрбиеші: Бір аптада неше күн бар? Қалай аталады?
Балалар: Жеті күн бар.Дүйсенбі,сейсенбі,сәрсенбі,бейсенбі,жұма,сенбі,жексенбі.
Тәрбиеші: Қыс мезгілінің табиғат ерекшелігі қандай?
Балалар: Боран болады,қар жауады,суық болады,аяз болады
Тәрбиеші: Қыс туралы кім тақпақ біледі?
Балалар: Дала аппақ,қар аппақ
Ақ мамыққа оранған
Ауыл,аймақ бәрі аппақ
Қардан үйлер қаланған.
Тәрбиеші: Мына суретке қарайық,нелер бейнеленген? (әңгімелету) 1-2 баладан сұрау.
Балалар: Ермахан,Нұртас,Қазбек үшеуі жұмсақ,сулы қардан Аққала тұрғызады.Аққала үш шеңберден тұрады.Екі көзі көмірден,мұрнына сәбіз,басына шелек,қолына сыпырғыш ұстатты.Аққала тұрғызған соң таудан төмен қарай сырғанақ тепті.
Тәрбиеші: Өте жақсы әңгімелеп бердіңіздер!Мына суретке қарайықшы,орман іші тым тырыс.Айналаның бәрі қар басқан.Орманда шыршалар да бар.Олар түстерін өзгертпейді.Балалар,орманда тағы кімдер жүр?
Балалар: Қыстап қалған аңдар,құстар жүр.
Тәрбиеші: Қандай аңдар жүр?
Балалар: Түлкі,аю,қоян,қасқыр,ағаш басында тиын отыр.
Тәрбиеші: Балалар,мен сендерге бір жұмбақ жасырамын.

Өз құйрығын өзі қуып ойнайды
Допты көрсе домалатып қоймайды
Беті-қолын қайта-қайта жуады
Тышқандарды үйімізде аулайды
(Жауабы Мысық)
Балалар: Мысық
Тәрбиеші: Жарайсындар балалар! Енді мына үй жануарлары суретінің ішінен мысықты кім көрсетеді?
Балалар: Мынау мысық
Тәрбиеші: Ендеше біз тақтаға тек мысықтың суретін қалдырайық. Мысық үй жануарлары, оның пайдасы көп,ол жүрген кезде тышқан болмайды.Мысық еркелегіш,балалармен ойнағанды және сүт ішкенді ұнатады.Өзіне жарасар дауысы бар,қандай?
Балалар: Мияу,мияу!!!
Тәрбиеші: Мысықты «кис-кис» деп шақырып,сипап,кішкене сүт құйып береміз.Оның жүні тықыр болады,құлақтары тікірейген,құйрығы ұзын болады.Қалай ойлайсыңдар мысықты желкесінен қысып,құйрығынан сүйреп жәбірлеуге болама?
Балалар: Жоқ,оның денесі ауырады.Жануарларды қорлауға болмайды.
Тәрбиеші: Балалар,мына екі мысықты салыстырайық,ерекшелігін айтайық.(екі мысықтың суретін көрсету).
Балалар: 1. Мына суретте мысықтың мұрты жоқ,мынада бар
2.Біреуінің құйрығы жерде жатыр,біреуі көтеріп алыпты.
3. Мойнын байлаған бантиктерін біреуінікі шешілген,біреуінде байлайлы тұр.
Тәрбиеші: Өте жақсы,ал мысық туралы кім тақпақ айтады?
1-Бала: Бала мысық батыл-ақ,
Тышқан ұстау талабы.
Сылдыр етсе жапырақ
Тісі оның қышып отыр.
Тәрбиеші: Балалар мысықтың жақсы көріп ойнайтын ойыны «Жіпті шатастыру».Әжелердің жібін шатастырып, ойнайды.Кәзір біз мысық боламыз,жіптермен ойнаймыз.

Ойын шарты: «1-2-3 ойынға түс!»-дегенде мына себеттегі жіптерді шашып,домалатып жіберсеңдер,сосын оларды тауып,қайтадан себетке тезірек жинайсыңдар.Кім тез жинаса сол жеңімпаз мысық болады.
Тәрбиеші: Келесі ойынымыз «Байқағыш» деп аталады.
Ойын шарты: Мысықты ойлап,көздеріне елестетіп,еске түсіріп,менің сұрақтарыма жауап беріңдер.
1. Мысықта қанша құлақ бар?
2. Мысықта қанша аяқ бар ?
3. Мысықта қанша құйрық бар?
4. Мысықтың құлағы ұзынба,құйрығы ұзынба?
(Балалардың жауабы)
Тәрбиеші: Балалар,енді бой жазып,денемізді сергітіп алайық.
Сергіту сәтін жасау.
Кәне,саты түзейік,
Тіземізді бүгейік
Ыршып алға түсейік
Ыршып артқа түсейік
Көбелекше ұшамыз
Отырамыз тұрамыз.
Тәрбиеші: Енді «Бөпе тышқан» ертегісін тамашалаймыз.
1-бала Іші әбден пысқан
Тышқан Деді бірде тышқан
(Сағыныш) Мысықтарды түнде
Қуып жүрем күнде.
Қорыққаннан кәзір
Жатыр шықпай інде.
(Осы кезде екі бала жылап кіреді)
2-бала Апай,шкафтағы етікті
Меруерт Тышқан тесіп кетіпті.
Аямастан ойыпты,
Дәу тесік қып қойыпты.

3-бала Ой,ой,ой,
Меруерт Пакетімді қиыпты.
Шұлығыма тиіпті,
Куртқамды шәйнап
Кетіпті ойнап,Ух!

Тышқан Не бопты соншалық,
Нұрсұлтан Бәтеңкеңің бауын қидым.
Шұлығыңды тестім,
Серуенге өзім шықтым
Тышқан солай бөсті
Соғып алып төсті
Мысық келді естіп
Оның үні өшті

Мысық Мияу!
Айда: Ұстап алам тышқанды!
Тышқан Құтқарындар,құтқарындар!
(әрең қашып құтылды мысықтан)
Мысық Енді тышқан келмейді
Шұлықтарды жемейді
Иісін сезіп мысықтың
Қорқып қашып жүр дейді

Тәрбиеші: Сол үшін мысыққа не дейміз?
Балалар: Рахмет!
Қорытынды: Тышқанның жауы не екен? Мысықты жақсы көрғенімізді қалай білдіреміз? Мысық қандай жануар?
Мадақтау.

 

 

 


Аймуханова Нурбике Сагынжановна,
Ойыл селосы, «Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі.

Тақырыбы :«Саңырауқұлақ саясында»
«Көркем әдебиет» Сахналау.
Тақырыбы: «Саңырауқұлақ саясында» ертегі.

Мақсаты: Бағдарлама бойынша берілген ертегілердің мазмұнын пысықтау.Есте сақтау қаблетін жетілдіру.Берілген тапсырмалар бойынша балалардың ақыл ойын,қиялын дамыту.

Көрнекіліктер: Аттрибуттар,атрибут киімдер,жұмбақтар,алдыңғы сабақта өткен ертегілердің суреттері.Сабақтың әдіс-тәсілдері,сұрақ-жауап,жаттау,жұмбақ.
Сабақтың барысы: Шаттақ шеңбер.
Балаларға айтқызу: Әрқашан күн сөнбесін!
Аспанға бұлт төнбесін!
Еліміз тыныш болсын!
Досымыз көп болсын!
Тәрбиеші: Балалар есікті біреу қағатын сияқты кәне бәріміз тыңдайық.(есіктен ұлу кіреді)
Балалар биыл қандай жыл басы?
— Ұлу. (өте дұрыс)
— Ұлу келіңіз төрлетіңіз.
— Ұлу балалармен амандасады.Ұлу жолда келе жатып «Ғажайып дорба» тауып алғанын айтады,ұлу дорбаны тәрбиешіге береді.
Тәрбиеші:Дорбадан бізге мынадай сұрақ келіпті,ұлу жыл мезгілін білмей тұр.
-Көмек береміз бе?
-Ия
-Балалар қазір қай мезгіл?
-Қыс мезгілі
-Қыс мезгілінде жер бетін не басады?
-Қар басады.
-Қардың түсі қандай?
-Қардың түсі аппақ
-Қыста табиғат ерекшелігі қаңдай болады?
— Cалқын,ызғарлы,аязды,боранды,жапалақтап қар жауады
-Адамдар қыста қандай киімдер киеді?
-Жылы,қалың киімдер киеді.
-Қыстың неше айы бар? қалай аталады? қазір қай айдамыз?
-Қыстың үш айы бар ,желтоқсан,қаңтар,ақпан.
-Ақпан айындамыз.
-Балалар қыс туралы кім тақпақ біледі?


Шеберін-ай аяздың,
Әйнектерді қағазғып
Әшекейлеп қойыпты
Бірнеше ою ойыпты.
-Өте жақсы балалар.Балалар біз көптеген ертегілермен таныстық,оқыдық,сақналадық әнгімелеп айттық.Өтілген ертегілерді сурет бойынша еске түсіріп сұрақ-жауап арқылы айтқызу.
Мысалы: Түлкі мен ешкі,Бауырсақ,Үш аю,Түлкі мен тырна.т.б.
Тәрбиеші:-Кәне балалар бүгінгі қойылатын ертегіміз. «Саңырауқұлақ» ертегісін сахналаймыз
Тәрбиеші: Балаларға алдымен ертегіні әңгімелеп айтқызу.(ауызша)
-Өте жақсы сіздер білесіздер.Ендеше осы ертегіні сахналайық.
Жүргізуші: Көктем келді,жер көгерді,
Табиғат әсем күйге енді.
Шалғынға құмырсқа келді.
Құмырсқа: Шалғынға осы жатайыншы
Рахатқа бір батайыншы
Қыс бойы тоңазыдым,
Көктемді аңсап мен сағындым.
Бұлттар бері жылжыпты
Жаңбыр сірә төгеді.
Мына саңырауқұлақ пана болса,
Бізге тиер көмегі.
Тәрбиеші: Бір уақытта көбелек келді.
Көбелек: Күшім кетті әлсіреп,
Қанатым су боп жабысып
Ұша алмадым,құмырсқа
Алшы мені қасыңа.
Пана берші басыма.
Құмырсқа: Кел,келші қасыма.
Көбелек: Рахмет саған құмырсқа.
Тәрбиеші:Кенет бір уақытта торғай келеді.
Торғай: Жаңбыр қандай күшті еді
Ұша алмадым,мені көр!
Бас сауғалап келіп ем,
Жандарыңнан орын бер.
Құмырсқа мен көбелек: Кел,кел келсеңші!
Торғай: Рахмет сендерге!
Тәрбиеші: Қоян келді.
Қоян: Түлкі қуып есім кетті,
Айналайын аңдар-ау
Маған пана болыңдар.
Жандарыңнан орын бер.
Құмырсқа,көбелек,торғай қосылып: Тұра ғой,қосыл осында.
Түлкі:-Қап бәлем,әлі-ақ қолға түсерсіңдер.
Тәрбиеші: Міне,жаңбырда басылды,
Аспан шайдай ашылды.
Аңдар саңырауқұлақтан шықты,
Бір-біріне қарасты,
Таңдана бұлай таласты.
Құмырсқа: Жалғыз өзім сиған Саңырауқұлақ сиқырма?
Көбелек: Біз бәріміз кішкентаймыз ғой.
Торғай: Көңіл сыйса,бәріміз сыйамыз.
Қоян: Екі адам ығысса,бір адамға орын бар
Тәрбиеші: Осы кезде бақылдап бақа келеді.
Бақа: Ей,Саңырауқұлақ өсіп кетті
Соныда білмейсіңдерме?

Аңдардың бәрі қосылып хормен.
Достарды біз қолдаймыз
Қиын шақта қорғаймыз.
Рольдерде ойнағандар:Құмырсқа:Гүлнұр,көбелек-Сайда,торғай-Айкөркем,қоян-Меруерт,түлкі-Аяулым,бақа-Лаура.Кәне балалар сергіту сәтін жасап алайық.
Сергіту сәті: Айшымшық,айшымшық,
Түлкі қалай жүреді? Былай
Дәл осылай жүреді.

Айшымшық,айшымшық
Қоян қалай жүреді?
Қоян былай,қоян былай.
Дәл осылай секіреді.
Д.Ойын: «Не жоқ?» (аңдарды табу)
Қорытындылау:-Кәне балалар,ертегіге байланысты жұмбақтар білеміз бе?
-Ия,өте жақсы,ендеше кәне айтайық.(Аянбек айтады)
-Қалқиып ұзын құлағы
Елеңдеп әркез тұрады.
Бұл қандай аң?(қоян)
Айша: Ұшып жүрген гүл көрдім
Қолғада ұстап үлгердім.(көбелек)
Бекарыс:Бұлаңдаған құйрығы
Бір алдарлық құйрығы. (түлкі)
Тәрбиеші: Балалар ертегі ұнадыма?
Балалар: -Ия ұнады.
Тәрбиеші: Ендеше Сау болындар!

 


Аймуханова Нурбике Сагинжановна,
Ойыл селосы, «Балдырған»балабақшасының тәрбиешісі.

Тақырыбы: Тәуелсіздігім-мерейім!

Мақсаты: Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні мерекесі туралы түсінік беру.Өз Отаның,туған жерін сүюге,құрметтеуге тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін қалыптастыру.
Көрнекілігі: Қазақ халқының билерін сахналау,Астана суреттері,Қазақстан Республикасының рәміздері.
Әдіс-тәсілдері:түсіндіру,сахналау,көрсету,сұрақ-жауап,тақпақтар,әңгімелеу.
Ұйымдастырушы:Салтанат музыкасы ойналады
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар,балалар және тәрбиешілер! 16 желтоқсан Қазақстанның Тәуелсіздік алған күніне арналған «Тәуелсіздігім-мерейім» атты мерекелік ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.
Жүргізуші: Қазақ болып,ел болып өз жерінде билік ете алмаған қазағым!
Шіркін-ай тарыдай шашылған қазақ елінің басын біріктірген үш жүздің әз билерін еріксіз есіңе аласың. (Мұнды әуенмен Төле би,Қазбек би,Әйтеке би келеді)
Төле би: Жүзге бөлінгеннің жүзі қара,
Руға бөлінгеннің құруға асыққаны,
Атаға бөлінгендер адыра қалады.
Қазбек би: Бір дегенім-бірлігі кеткен ел жаман,
Екі дегенім-егесіп өткен ер жаман.
Біз қазақ деген мал баққан елміз,
Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Әйтеке би: Асқар тау,сенде бір мін бар,асу бермейсің.
Тасқын су сенде бір мін бар,өткел бермейсің
Билер сендерде бір мін бар,өзгеге сөз бермейсің,-деп Әйтеке би ашулана айтады.
Жүргізуші: Құрметті бабалар!Сіздердің ұрпақтарыңыз өніп-өсіп өркендеуде,қарсы алыңыздар.Мінеки балалар біздің ата-бабаларымыз қанша қиыншылықтарды,зұлымдықты,қорлықты басынан кешті.Міне осы ұлы Төле би,Әйтеке би,Қазбек би бабаларымыз тарыдай шашылған қазақ елінің басын біріктірді.
Жүргізуші: Кәне,құрметті билерді тыңданыздар.
Төле би: Атың жақсы болса ер жігіттің пырағы,балаң жақсы жан мен тәннің шырағы.
Қазбек би: Алтын ұяң Отаның қымбат,
Құт-берекең атың қымбат.
Мейірімді анаң қымбат.
Асқар тау әкең қымбат.
Әйтеке би: Ашу деген ағын су
Алдын ашсаң арқырар.
Ақыл деген дария,
Алдын тоссаң тоқырар.
Жүргізуші: Құрметті әз билер батаменен ел көгерер дегендей баталарыңызды беріңіздер.
Жүргізуші: Болашағы жайнаған бақ тұғыры,
Бұл да болса қазақтың мықтылығы.
Еркіндік,тәуелсіздік аңсаған ел,
20 жылға қыр асып шықты міне.
Егеменді еліміздің мерейтойы құтты болсын қазағым!Күншуақ тобының концерттік бағдарламасын тамашалаңыздар.
Тәуелсіздігімізге арналған салтанатты мерекені еліміздің әнұранымен бастайық.
Әнұран хормен.
Жүргізуші: (Қазақ киімін киген,домбыра ұстаған бала кіреді).
Нұрасыл: Мен қазақпын мың өліп,мың тірілген,
Мақтанамын ұлан байтақ жеріммен.
Дүниеге жар саламын айқайлап,
Сәби жүрек,пәк періште үнімен.
Бекарыс: Қазақ батыр ел деймін,
Ұлы мен қызы ер деймін.
Ата қоныс жерімді,
Мен ешкімге бермеймін.
Айсәуле: Атамекен ақ үйдің,
Азат болған күні бұл!
Құндақтаған сәбидің
Қазақ болған күні бұл!
Жүргізуші: Тал шыбықтай бұралған,
Қазағымның қыздары-ай.
Сүйсіндірген биімен,
Өнерлі ғой қыздар-ай.
Шашу биі:
Жүргізуші:
Олжас: Отан-сенің ата-анаң,
Отан-досың,бауырың.
Отан-өлкең,астанаң,
Отан-аудан,ауылың.
Гүлім: Отан-тарих,Отан-тіл,
Отан-өлең,Отан-жыр.
Көтерген көкке ел даңқын.
Салтанат: Отанымның төрінде,
Сарқыраның өрінде.
Ту ұстаған Отаным,
Әсем қалам,бас қалам.
Жүргізуші: Ойын ойнамай,ән салмай өсер бала бола ма демекші,келесі кезекті ойынға берелік.Білек сайысы,қыз қуу.
Жүргізуші: Елорда Астанаға арналған өлең шумақ тақпақтарды қабыл алыныздар.

Аянбек: Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің-Қазақстан!
Мәңгі соғып тұратын,
Жүрегімсің Қазақстан!
Саида: Сүйікті туған ел,шарықтап өсе бер.
Ардақты ата-ана азаттық қүресте.
Шынығып өскен жер,
Гүлденіп, көркейіп өсе бер,
Өсе бер Астана,бас қала!
Мадина: Астанамыз ән қаласы,
Айналасы дән қаласы.
Отанымның панасы.
Жүргізуші: Ту ұстаған баланы шақырады.
Мейіржан: Көк байрағым желбіреп,
Асқақтай түсті аспандар.
Бақыттың таңы мөлдіреп,
Айнала нұрын шашқанда.
Ақниет: Айнымайды аспанның,
Біздің тудың бояуы.
Көк аспанда қызыл күн,
Көк аспанда жас қыран.
Аяулым: Туымызды аялайды сүйіп көк,
Нұрыңды күн көкірегіме құйып кет.
Ең сенімді қолда тұрған ел туы,
Көк аспанда желбірейді биіктеп.
Жүргізуші: Би.Қамшы биі орындалады.
Жүргізуші: Байтерек ұстаган бала келеді.
Қазбек: Отанымның төрінде,
Бой көтерген бәйтерек.
Қыранымдай көгімде,
Сән түзеген бәйтерек.
Сағыныш: 16-шы желтоқсан,
Тәуелсіздік алған күн.
Ерекше болып,
Ел жанында қалған күн.
Меруерт: Тәуелсіздік менің байтақ Отаным,
Бір өзінсің Мұхтар,Абай,Шоқаным.
Тәуелсіздік сәбилердің күлкісі,
Тәуелсіздік ақ батасы атамның.
Аида: Тәуелсіздік күні дедік бұл күнді,
Атын атап,ақын оны жыр қылды.
Сол күнменен қатар туған сәбилер.
Нұрсұлтан: Әр жыл сайын,
Тәуелсіздік таңы атты.
Дүниені қуанышқа бөлеп тұр,
Ән айтылып,жыр төгіліп қанатты.
Ермахан: Тәуелсіздік жолында,
Талай,талай тер тамған.
Билігіміз қолымда,
Еркіндігіміз елтаңбам.
Нұрали: Кеңге толы қойнауы,
Төлге толы жайлауы,
Ол біздің Қазақстан!
Сармат: Алты алаштың баласы,
Қауымдасқан күні бұл.
Бір-бірімен жарасып,
Бауырласқан күні бұл.
Лаура: Сен әкелдің шаттығымды,күлкімді,
Ата-баба армандаған бұл күнді.
Тәуелсіздік өркендесің өрісің,
Бақытпенен қауыштырған жұртымды.
Гүлнұр: Тәуелсіздік таң нұрысың арайлап,
Бабалардың арманысың талайғы .
Ғасырлардың кұшағында ер жеттің,
Халқым сені өз бақыты санайды.
Жүргізуші: хормен «Желтоқсан желі» әні орындалады.
Жүргізуші: Міне,бүгін еліміздің Тәуелсіздік күніне арналған ертеңгілігіміз аяқталды.
Құрметті бүлдіршіндер,ата-аналар сіздер ешуақытта қиындық көрмеңіздер.Еліміз тыныш,халқымыз аман,бейбіт күніміз жарқын болсын! Әрқашан аспанымызда күн сөнбесін.Тәуелсіз еліміздің көк байрағы мәңгілік желбіресін!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *