Ежелден төрт түлік мал өсірген халқымыз малдың түгіне дейін тиімді пайдалана білген. Алуан түрлі сәнді ою – өрнекті, әшекейлі бұйымдар жасаған. Соның бірі – киіз басу. Ол жүнінен жасалады. Көбінесе, ақ не қара біртүсті ірі қараның тулағын, түгін астына қаратып теріс жаяды да, соған жүнді қос сабаумен сабайды. Жүн қоқым, топырағынан, шөп – шаламнан арылып, тазарады. Осыдан соң ши, шырпы жояды да, үстіне жүнді бірқалыпты етіп тегістеп, төсейді.
Ыссы суды жүннің үстіне біркелкі сеуіп, бір шетінен жүнді шыптасымен қымқыра бүктей орайды. Сол ораумен келесі шетіне шыққанша салмақпен бірнеше дүркін дөңгелете басады. Содан соң шыптадан ажыратып, киізді өз алдына шынтақтап, біліктеп ысытады. Бұл жұмысты бірнеше адам атқарады. Содан соң қағып – сілкіп, жиектерін біртегіс түзу етіп қияды.
Оюлы текеметті де осы әдімпен жасайды, тек айырмасы алдын – ала даярлаған түрлі түсті боялған жүннен киіз бетіне ою – өрнектер жапыстырып, ыссы су бүркіп, шыптанның арасына орап басады. Сонда әлгі ою – өрнектер киізбен бірге жымдасып, орнығып қалады. Текемет көбінесе еденге төсеніш ретінде пайдаланылады.