Жалқаулық пен қиыншылық

Жалқаулық пен қиыншылық адамдарға тигізер зияндары туралы бір келісімге келе алмай, Бақытқа келіп жолықты.

Неге келдіңдер? – деді Бақыт оларға.
Біздің келген себебіміз, мына қиыншылық айтады, менің адамдарға зияным жоқ, сенің ғана зияның бар, — дейді.
Ол дұрыс айтады, — деді Бақыт, — өйткені сен Жалқаулық үнемі зиян әкелесің. Қиыншылық та үнемі зиян әкеледі, бірақ арты пайдаға айналады.
Қалайша? – деді Жалқаулық.
Қиыншылық көрген адам еңбектеніп, сол қиыншылықтан шығу жолдарын іздейді.Қиыншылық адамның жолын уақытша бөгейді, ал сен оның жолын үнемі бөгейсің, — деп Бақыт жауабые аяқтады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *