Ежелгі түріктердің (Орхон-Енисей) жазу ескерткіштері қазіргі ғалым-ойшылдардың еңбектері этнопедагогиканың негізгі арнасы

Ежелгі түріктердің (Орхон-Енисей) жазу ескерткіштері қазіргі ғалым-ойшылдардың еңбектері этнопедагогиканың негізгі арнасы.

Ұлы Түркі қағанаты орта ғасырларда адамзат өркениетінің қалыптасуына аса зор үлес қосқан, сол дәуірдегі дамыған мемлекет болған. Қағанаттың пайда болуы бір – бірінен ыдырап, бөлшектеніп кеткен дала халықтарының, тайпалардың бастарын қосты, тұрақты мәдениеті мен ғылымы дамыған бүгінгі түркі тек тес халықтарға ортақ мәдениеттің қалыптасуы мен жасалуына, сонымен қатар әлемдегі аса қуатты, саяси империяның қалыптасуына ықпалын тигізді.
Көне мұралардың ішіндегі бізге кеңірек мәлім болғандары Орхон-Енисей бойынан табылған, тасқа қашалып жазылған VI-VIII ғ.ғ. ескерткіштер : түркі көсемі Білге қаған, Күлтегін батыр мен ақылгөй Тоныкөк құрметіне қойылған құлпытастар. Оларда ұлы Түркі қағанаты халықтарының тұрмысы мен салты, мәдениеті мен жауынгерлік жортуылдары айшықты да мәнерлі тілмен өсиет сөз үлгісінде баяндалады. Бұларда қазіргі қазақтардың сөз саптау үлгісіне жақын шешендік өнердің дәстүрлі формалары айқын байқалады. Ортағасырлық түркі тілді әдибиеттің таңдаулы туындыларынан да ұшыраспайтын бұл жазуларда тәңірінің “Жарлығымен” болатын бектер мен қара халықтың қағанға адал берілгендігі, қағандардың қараларды билеп-төстеуі жайында сөз қозғалады. Мәселен, “Егер сен, түркі халқы, өз қағаныңнан, өз бектеріңнен, өз отаныңнан жырақ кетпей, бірге жүрсең, сен өзің де бақытты өмір сүресің, өзіңнің отбасыңда болсаң, ешнәрседен мұқтаждық көрмейсің… ” деп., бек пен қара халықты бірлікке шақырады.
Ежелгі түркілердің ауызекі поэзия дәстүрі бізге IX ғасырда ғұмыр кешкен әнші, әрі сазгер небір тамаша күй шығарған Қорқыт атаның есімін жеткізді. Ол адамзат өмірінің соншалықты қысқалығына наразы болып, пен де атаулыны ажал құрығынан құтқармақ болды. Қорқыт өзінің жанын жегідей жеген ой-сезімдерін –қазалы жанның үрейін, өлімнен қашып құтылудың амалын қобыздың азалы күйімен , поэзиялық көркем тімен баяндайды.Ол эпос үлгісіндегі поэзиялық мұра ретінде біздің дәірлерімізге жетті. Онда Сыр бойын мекендеген көшпелі тайпалардың тұрмысы мен әдет-ғұрпын, Діни наным-сенімдерін бейнелейтін мәліметтер көптеп кездеседі. Олар тәлімдік жағынан да аса қызықты дерек болып табылады. Мәселен, “Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман… Менмен, тәкаппар адамды тәңірі сүймейді… Ақылсыз балаға ата дәулетінен айран жоқ… қонағы жоқ параша үйден құлазыған түз артық …”деп келетін Қорқыттың нақыл сөздері өз мәнін күні бүгінге дейін жоймай келеді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *