Бүркіт пен Тазқара

Бір күні бүркіт пен тазқара кездесіп, сыр шертеді.

Бүркіт тұрып:

Аз өмір сүрсем де, кең дүниені шарықтап өтсем екен. Бір жерде жата бермей, көкке өрлеп, биікте жүрсем, нелер қиын жолдан еркін өтсем, арманым жоқ! – дейді.

Тазқара үндемеді.

Сенің арманың қандай, тазқара?
Ой, бүркіт бауырым, аспандап ұшып, алқынар жайым жоқ. Ерлік жасаймын деп, текке өліп қалсам, не болмақпын! Онан да менің алдыма өлген малдың жемтігін үйіп қойса, өмір бойы орнымнан қозғалмай жеп жатар ем, — деп, тамсанады тазқара.

Тазқараның бұл арманын естіген бүркіт:

Арманың әзір ас болса, тым арзан екен. Арамыз да тым алшақ екен, — деп, аспанға шырқап шығып кетіпті.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *