«Ақындар да тамақ жей ме?»

Өзінің туған қаласы Самарқанға келген Насраддин әпенді бір әдебиетшінің үйіне сәлемдесуге кірді. Әлгі оқымысты Шығыстың көрнекті ақындары туралы көселте әңгіме соқты. Әйтеуір, тоқтамастан сөйледі, ара – тұра зуылдатып өлең оқып қояды. Әмендінің қарны аш еді, бірақ қожайынның тамақ берер түрі жоқ. Ақырында Әпенді шыдай алмай:

Сұрақ қоюға бола ма? – деді.

Әдебиетке қатысты бірдеңе сұрайтын шығар деп ойлаған ғалым:

Әрине , әрине … – деді құңжындап.
Білгім келгені – осы сіз айтып отырған ақындар …  мен сияқты қарындары ашқанда …  тамақ жемеуші ме еді? Жесе, қандай тамақты?…

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *