Жоспар:
Қазақстан ең ірі әрі халық көп қоныстанған құрлық — Еуразияның ортасында орналасқан. Біздің құрлықта жер шарындағы мемлекеттердің жартысы орналасқан. Мұнда адамзаттың 2/3 және әлемдік экономиканың 3/5 бөлігі шоғырланған. Аумағы жөнінен алып мемлекеттер (Ресей, Қытай), халық саны ең көп мемлекеттер (Қытай, Үндістан) және экономикасы аса қуатты елдер де (Жапония, Қытай, Германия) осы құрлықта. Еуразияда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы(ТМД) мен ЕуроОдак (ЕО) орналасқан.
Қазақстан саяси-географиялығы аймағы — Орталық Азия. Ол 5 мемлекетті біріктіреді.
Аймақтағы шет елдерде 1,5 млн этникалық қазақтар тұрады. Еліміздің шекарасының 14-і осы елдерге сәйкес келеді. Олар саудадағы, табиғи қорларды бірлесіп пайдаланудағы, қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызды серіктестер болып табылады.
Аумағы: көлемі мен ұйымдастырылуы
Жер көлемі бойынша (2 724,9 мың км2) Қазақстан әлемде 9-орын алады. Жер көлемінің ірі болуы — Қазақстанның басты артықшылығы болып саналады. Қазақстан әр алуан табиғи байлықтарымен де ерекшеленеді.
Бірақ үлкен аумақты игеру көп күш жұмсауды да қажет етеді. Алыс жақтарға жүк тасымалдау өнім бағасын қымбаттатады. Көлік жолдарын салу, табиғи қорларды игеру өте қымбатқа түседі. Көп жағдайда жұмсалған шығын тұтас салалар шығаратын өнім көлемінен асып кетеді.
Астана — мемлекетіміздің саяси орталығы, оның «визит карточкасы» тәрізді. Ол басты біріктіруші қызметті атқарады. Іскерлік белсенділік пен мәдени өмірдің орталығы ретінде Астананың маңызы күн санап артуда.
Алматы — ғылымның, мәдениеттің, өндірістің орталығы ретіндегі ірі қала. Оның еліміздің өміріндегі маңызына байланысты Қазақстанның «Оңтүстік астанасы» деген бейресми атауы да бар.
Аумақтық бірліктердің жергілікті мәселелерді шешуде өзіндік, яғни жергілікті басқару мүмкіндігі бар.
Қазақстанды географиялық тұрғыдан 5 бөлікке — Орталық, Солтүстік, Шығыс, Оңтүстік және Батыс аймақтарға бөледі.
Экономикалық-географиялық жағдайы
Ел аумағының ең басты сипаты — оның географиялық жағдайы болып табылады.
Шаруашылықтың дамуы үшін экономикалық-географиялық жағдайдың (ЭГЖ) маңызы зор.
Экономикалык-географиялық жағдай — елдің, әлемнің экономикалық картасындағы орнын көрсетеді. ЭГЖ-ға баға беру дегеніміз, оның жағдайын:
Нарықтық-географиялық жағдайда АҚШ, ЕО, Жапониясияқты әлемдік экономиканың басты орталықтарының маңызы зор. Олардың нарықтары алдыңғы қатарлы технологиямен, сыйымдылығымен, төлем қабілеттілігімен тартымды.
Көршілік жағдайда Қытай мен Ресейді алуға болады. Олар әлемдегі үшінші жөне тоғызыншы орындағы экономикалар. Олар біздің ірі сауда серіктестеріміз болып саналады. Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстан экономикалық деңгейі бойынша Қазақстаннан артта. Алайда, болашақта олармен де бірлесіп жұмыс істеудің бірнеше бағыттары жасалған.
Көршілік жағдайдың басты плюсі — көрші елдің аумағын үшінші бір елмен байланыс орнату үшін пайдалану. Оның интенсивтілігі мен географиясын көліктік-географиялық жағдай анықтайды. Ең қолайлысы — теңіздік жағдай. Қазақстанда ашық теңізге тура шыға алатын мүмкіндік жоқ (ішкі құрлықтық жағдай). Бірақ оның 2000 км-дей шекарасы батыста Каспий арқылы өтеді.
Жер үсті байланысы құрлықтағы шекараның ерекшеліктеріне тәуелді. Оның жалпы ұзындығы 13,3 мың км. Ресеймен шекара (7,5 мың км) негізінен жазық жерлермен өтеді. Онда табиғи кедергілер жоқ. Ел арасындағы шекараны көптеген темір жол мен автомобиль жолдары кесіп өтеді. Қытаймен арадағы шекараның көп белігі таулар арқылы өтсе, Орталық Азия мемлекеттерімен шекара жазық жерлермен жүргізілген. Бұл шекара арқылы әзірге 4 темір жол етеді: біреуі — Қытайға, үшеуі — Орталық Азияға апарады.
Елдің аумағы арқылы басқа мемлекеттердің жүгі мен жолаушыларын тасымалдау (транзиттік жағдай) қосымша кіріс әкеледі. Транзиттік көлік дәліздерінің дамуы ішкі құрлыктық жағдайдың минустарын азайтады.
Әлемдік дамудың қазіргі бағыттары және олардың Қазақстандағы қоғам мен шаруашылықтың дамуына әсері. Нарықтық экономикалық қатынастарға өту және сонымен байланысты Қазақстан Республикасы шаруашылығындағы, әлеуметтік өміріндегі құрылымдық өзгерістер. Әлемдік нарықтық жүйелер орталықтары мен (қаржы, сауда және қызмет көрсету т.б.) қарым-қатынастарды дамыту.