Өсімдік атауынан жасалған аттар

Фитофорлық (өсімдік атауынан жасалған ЖқЕ-дер аттар) Ағаш: Ағашбай, Сандалбай, Тасеменов, Шыбық, Зәйтүн Бұтақ: Бұтағали, Жапақ, Қияқ Қамысов, Қамысбай, Қурай, Шілік, Шигүл, Шибұт, Шиборбай. Шөп: Адыраспанов, Ажырық, Бұзаубас, Ебелек, Запыран, Жантақ, Желбіржекен, Қалақай, Қаңбақтай, Миягүл, Нашабек, Шағыр, Шөңгебай, Усойқы. Дақыл: Арпабай, Тарыбай, Жүгерин, Күрішбек, Мақтажан, Уытбай. Бау бақша: Әңгелек, Бүлдірген, Бәдірең, Жаңғақ, Жуагүл, Көсік, Пістебек, Түйнекбай, Шиебайұлы, Шатырашұлы, Пәшек, Бошақ Гүл: Гүлдерай, Гүлбазар, Инегүл, Қызғалдақ, Сарғалдақ, Гүлжапырақ, Бәйшешек, Ләйлікөк, Сарыкүл, Шайкүл.
Фитонимдерден жасалған кейбір ФА-дың жасалым уәжін түсіндіре кетейік. Усойқы < усойқы — хош иісті ақ гүлі бар улы өсімдік, улылығына байланысты ащы, қыршаңқы тілді адамдарды усойқы деп атайды. Уытбай < уыт — арақ, бозаны ашыту үшін салатын құлмақ тәріздес дән, ащы дәм тілінің шақпа, уыты бар адам жөнінде уәж болып тұр. Ебелек < ебелек — құмды жерде өсетін бір жылдық өсімдік, шөптің ұшып жүретіндігі жеңілтек, ұшқалақ кейіпкердің жасалуына мотив болған. Мысалы, “елбең-елбең жүгірген, ебелек отқа семірген” деген содан шыққан. Қалақай < қалақай — тиген жерін дуылдатып, ащытатын өсімдік, тілі шақпа адамдарды “қалақай тілді” дейді. Қаңбақ < қаңбақ — шөлді жерде өсетін шар тәрізді, домалап, ұшып жүретін өсімдік. Жеңілтек адамдарды қаңбақ сияқты “қалбалаңдаған” дейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *