Жоспар:
Өндірістік емес сала, бейөндірістік сала – материалдық игіліктерді тікелей өндірмейтін салалар кешені; тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету, жолаушы көлігі, байланыс (өндірістік емес ұйымдар мен халыққа қызмет көрсету жөніндегі), денсаулық сақтау, дене шынықтыру мен спорт, әлеуметтік қамсыздандыру, ағарту, мәдениет, көркемөнер, ғылым мен ғылымдық қызмет ету, басқару және т.б, қарекет түрлері.
Көбінесе ол адамның бейматериалдық қажеттіліктерін қанағаттандырумен байланысты салалар. Оларға өндірілу үдерісі уақыт жағынан тұтынылуымен сәйкес келетін қызметтер көрсету (кино, театр, монша, саябақ, аттракцион, шаштараз, т.б.), әлеуметтік сипаттағы қызмет көрсету (әлеуметтік қызметтер), тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, тұрмыстық қызмет көрсету, халық пен бейөндірістік салаға арналған көлік пен байланыс, денсаулық сақтау, дене шынықтыру мен спорт, әлеуметтік қамсыздандыру, ағарту, мәдениет, өнер, ғылым және ғылыми қызмет көрсету, баспасөз, басқару саласы, қоғамдық ұйымдар, т.б. жатады.
Бейөндірістік саланың жұмыспен қамтылу аясындағы үлес салмағы елдің дамуы деңгейінің көрсеткіші болып табылады. Кеңестік дәуірде бейөндірістік салалар тұтыну қорының тек шығыс бөлігінде ғана көрсетілді; бұл салалар табыс әкелмейді деп есептеліп, мемлекеттік жәрдем қаражатқа сүйенді, өйткені олардың көбісі тегін немесе оны төмен бағамен қызмет көрсетті. Қазіргі кезде бұл салалар өндірісінің көлемі елдің жалпы ішкіөнімі мен жалпы ұлттық өнімнің жалпы құнына кіреді