Шет тілден енген кірме сөздерден жасалған есімдер

Шет тілден енген кірме сөздерден жасалған
Кейіпкер аттарын сөздік құрамы жағынан шығыс тілі (араб, парсы, иран), орыс тілі (грек, латын, француз, неміс, ағылшын т.б) және алтай тілдері арқылы енген сөздерден жасалғандығы анықталды. Түркі – Әпенде, татар – Башмачкин, Мәшура, Колбаса, өзбек –Тәшкенбай, Узбекулла, Ташматов. Башмачкин дейтін кейіпкердің аталуындағы башмак сөзі о баста орыс тіліне татар тілі арқылы өтіп, уақыт келе, түркі тіліне қайта оралып “башмақ” мағынасында жұмсалады.Монғол тілінен — Ойрат+хан, Cояу+бай< соео-азу тіс, Келеке< хэлгий –сақау, Дом+бай<дом –ем, бақсылық. Қытай тілінен – Әпелсин< appel+ Chіna –Қытай алмасы, Заң+ғой, Шай+кұяр, Шай+бике, Әтір+шай өсімдіктің кептірілген жапырағы, Сипаң, Шыныбек. Сипаң+бай сөзінің шығуы жөнінде жазушы Б.Қыдырбекұлы мынандай қызықты дерек келтіреді: “Сипаң — қазақ жеріне діндар болып келген қытайлықтың аты. Жүрген жерінде елді алдап, маймөңкелеп, жаманның өзін әдемілеп жіберуге бейім болған”. Сипаң сөзіндегі маймөңке коннатациясынан ЖқЕ Сипаңбай жасалған деуге негіз бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *